Көзге арналған 4 тәсіл - на health.bugin.kz
Аружан - на health.bugin.kz Аружан

Көзге күтім

Көз – жай ғана жан айнасы емес, сонымен қатар маңызды орган. Ол тұрақты қамқорлықты қажет етеді. Сонымен қатар көру адам ағзасындағы сезімтал механизмдердің бірі. 

Көзге инфекция тез түседі әрі тез жарақаттанады. Сондықтан да оған аса қатты күтім көрсету керек.

Біріншіден, күн көзінен қорғайтын көзілдірік тағыңыз.

Күннен қорғайтын көзілдірік – тек қана сәнді аксессуар емес. Олар көзіңізді ультракүлгін сәулелерден көзіңізді қорғайды. Сонымен қатар көз айналасындағы әжімдерді болдырмайды.

Екіншіден, тазалықты сақтаңыз

Бұл кеңес өте қарапайым, алайда өте маңызды. Көзіңізді ұстар алдында міндетті түрде қолыңызды жуыңыз, өйткені қолдың микробтары жұғады. Кейін ол қабынуға әкеліп соғады. Көзге арналған макияжда аса қауіпті. Бояу жағарда өте сақ болу керек.

Үшіншіден, дұрыс тамақтаныңыз

Офтальмологтардың айтуы бойынша, диетаның көз денсаулығында алар орны ерекше. Бұл ретте сәбіз аздық етеді. Сондай-ақ шпинат, қырыққабат сынды көкөністерді жиі жеу керек.

Төртіншіден, компьютер алдында ұзақ отырмаңыз

Егер сіз үнемі компьютер, планшет немесе смартфон алдында ұзақ отырсаңыз, онда сіздің көзіңізге тигізген әсерінен басыңыз ауырып, тітіргендіргіш болуы мүмкін. Компьтермен жұмыс жасап болған соң көзге арналған жаттығулар жасау қажет.

0 Пікір Кіру