Шығыс медицинасы: талма дертін емдеу  - на health.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на health.bugin.kz Марғұлан Ақан

Пайдалы кеңес

Қазіргі медицинада көптеген генетикалық аурулардың дауасы табыла қоймаған. Ал, тұқым қуалаушылық аурулардың ішіндегі ең қауіптісі, айналасындағы адамдарға үрей тудыратын ауыр дерттің бірі – талма ауруы болып табылады. Талма дертімен ауыратын жандар міндетті түрде невролог маманының тіркеуінде тұрады. Орталық нерв жүйесінің бұзылысымен сипатталатын ауруды қазіргі кезде шығыс-тибет медицинасының емі бойынша шипасын тауып отырғаны белгілі. 

Талма немесе қояншық ауруы ерте кездерден белгілі болды. Ежелгі Грек елінде талма ауруының балама атауы «қасиетті ауру» болатын. Олар бұл ауруға құдайдың адамдарға жіберген бір белгісі немесе жазасы ретінде қарайтын. 

Б.э.д. 400 жыл бұрын Гиппократ «Қасиетті ауру» жайында дүние жүзі бойынша алғашқы трактат жазып шықты. Ұлы дәрігер және ғалым талма ауруының себептерін күннің, желдің, суықтың салдарынан болатын адам миындағы өзгерістерден деп түсіндірді. Бүгінгі таңда талма ауруы – бас сүйек мидың созылмалы ауруы екендігі анықталып, аяқ астынан талу, құлау белгілерінің қайталана беруімен сипаттала бастады. 

Статистика бойынша, әлемде 40 миллионнан астам адам осы қорқынышты да үрейлі қояншық ауруымен ауырады екен. Аурудың ең басым бөлігі бір жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Аурудың 75 пайызы 18 жасқа дейін көрініс табады. Ең минимальды қайталау жиілігі 30 бен 40 жас аралығында, ал қарт адамдарда жиі құлау, талу көрсеткіштері жиілей бермек. 12-20 пайызында жанұялық сипатта болады, яғни, тұқымқуалаушылық әсер етеді. 

ТАЛМА АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ 

Талма ауруы – бас сүйек мидағы жүйке тамырларының қабынуынан туындайды. Оған әр түрлі себептер болуы мүмкін. Мысалы, мидың шайқалуы, инсульт, менингит, ұмытшақтық, маскүнемдік (әрбір оныншы маскүнем талма ауруына шалдығады), нашақорлық, сондай-ақ, тұқымқуалаушылық салдары. Ұстамалы талма көбінесе, көңіл-күйдің нашарлауынан, реніштерден, үрейленуден туындайды. Талманың ұзақтығы – 15-20 минутқа, кейде одан да көп уақытқа дейін созылады. Сырқат өз-өзіне келгеннен соң ешбір ауру сезімі болмағандай орнынан тұрып, кете береді. Сондықтан, кейбір жағдайларда сырқат адам өзіндегі талма ұстамасының болғанын сезбей қалуы да ғажап емес. Қояншығы бар адамдардың қайда барса да жалғыз жүрмеуге тырысқаны жөн. Қандай да бір адамның талмасы ұстап қалған жағдайда мыналарды есте ұстаған абзал: 

Жүрекке массаж жасап, ауызға үрлеп ауа жібермеңіз. Сырқатты ыңғайлы жерге жатқызып, бас жағына жұмсақ нәрсені қою керек. Аяқ астынан ұстаған кезде жастық таба алмай қалсаңыз, кез келген бір киім немесе басқа да заттарды қоюға болады. 

Адамның құлаған жері өміріне қауіп төндірмесе, басқа орынға ауыстырып жатқызудың қажеті жоқ. 

Сырқат адамның дұрыс демалуы мен сілекейіне кедергі тудырмас үшін бір қырынан жатқызып, тілінің жұтылып қоймауына жағдай жасау керек. Ұстамадан кейін науқасты бірден орнынан тұрғызуға болмайды. Кем дегенде бес минуттан жарты сағатқа дейін тынығып, ұйықтатып алған жөн. Ұйқыдан кейін сырқаттың жағдайы едәуір жақсара түседі.

ТАЛМА ДЕРТІНІҢ ЖІКТЕЛУІ 

Талманың клиникалық көрінісі әр түрлі болып келеді де, бірыңғай жіктеп көрсету мүмкіндігі аз. 1989 жылы талма ауруына қарсы халықаралық конгрессте орналасуы мен этиологиясы деген екі принцип жіктелген болатын. 

Этиологиялық белгісі – идиоптикалық, симптоматикалық және криптогенді болып бөлінеді. 

Идиопатикалық түрі – басқа ауруларға әсер етпейді және миында зақымдану табылмайды, сонымен қатар генетикалық және қоршаған ортаның факторлары әсер етуімен байланысты болып келетін жеке ауру. 

Симптоматикалық түрі – этиологиясы белгілі және бас миының морфологиялық бұзылуымен, соның ішінде бас ми ісігі, бас миындағы тыртықтар, глиоз және басқа да белгілерімен байланысты болып келеді. 

Криптогенді түрінде талманың белгісі белгісіз болады. 

Жалпы, талма ауруы анатомиялық белгілері бойынша жайылған және жергілікті деп екіге бөлінеді.

ТАЛМАНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ 

Талма ауру бар жанұяның шежіресін құрастырып, анализ жүргізу барысында ұрпақтар арасында 3-4 пайыз кездесетіндігі анықталған. Медицинада осындай жанұяларға медикогенетикалық кеңестер беріліп отырады. Ол үшін шежіре туралы және аурудың басталған кезеңін есепке ала отырып, талманың сипатына толық мәлімет жинау қажет. Жағдайдың тұқым қуалау себебін жоққа шығару қосымша генетикалық тексеруді қажет етеді. Жүкті әйелдер үшін талма ауруының қауіптілігі өз алдына, ал оларға баланың туылуы мен ұрыққа талма ауруына қарсы егетін дәрілердің кері әсері турасында да кеңестер берілуі тиіс.


Дереккөз: "ЖасАй" журналы 

0 Пікір Кіру