Туа  бітті естімейтін сәбилерде үміт бар - на health.bugin.kz
Аида Әбілхайыр - на health.bugin.kz Аида Әбілхайыр

Отоларингологя жаңа технология

Бүгінде құлақ пен мұрын саласы жас-кәрі деп талғамайтын болды. Құлағының кереңдігінен зардап шегушілер соңғы жылдары дабыл қағатын жағдайға жеткен, қызығы ересек адамдарға қарағанда 15 жасқа дейінгі балаларда құлақ ауруы жиі кездеседі екен. Тек құлақ қана емес,  балалар арасындағы мұрын саласы да мәз емес. Айналамыздың ластануы, ауа райының қырық құбылуы өз кезегінде мұрын полипі  өсуіне, әкеліп соғып жатыр. Күн күрт суытқалы тұмау айналып өтпейтіндігіне үйреніп қалғанбыз. Ал біз жәй тұмау атаған ауыруымыз өз кезегінде құлақ жарғағын зақымдап жатқанынан хабарсызсызбыз.   Отоларинголог жоғары санатты дәрігері Мұхтар Сахиұлы Жұмахметовпен осы тұрғыда әңгіме өрбіткен едік.

Құлақ, мұрын, тамақ саласындағы өзекті ауру деп қайсысын айта алар едіңіз?

Қазіргі кезде ең өзекті мәселе менің ойымша есту қабілетін қалпына келтіру жолдары. Технологияның дамуына байланысты естуді де жақсартатын инновациялар көп. Мысалға, құлағы естимейтін адамдарға біз құлақ ішіне кохлеарлы  имплант саламыз, ол ішкі құлақтың рөлін атқарып қалыпты естуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кейбір науқастарға отаның да қажеті жоқ, олар протез тағып өмір сапасын жақсартуы мүмкін.

Осы ретте дабыл жарғағының жиі тесілуіне негізгі себептері қандай?

Дабыл жарғағы өте нәзік болғандықтан ол әртүрлі себептерден тесілуі мүмкін. Жиі мұрын жұтқыншақ ауруларының асқынуынан болады. Өйткені құлақтан мұрынға ашылатын түтікше бар. Сондықтан мұрынның және жұтқыншақ қабынуы кезінде патологиялық процесс құлаққа өтіп кетеді. Тағы да жиі кездесетін себеп ол жарақаттар. Жарақаттардың да әртүрлісі болады, механикалық ол тікелей әсер еткеннен болуы мүмкін немесе физикалық (баротравма) жарақаттан болуы мүмкін. Сондай ақ қатты шуда дабыл жарғағын тітіркендіріп, қызметін бұзатынын естен шығаруға болмайды. Қазіргі кезде көп жеткіншектер құлаққапсыз жүре алмайды. Құлаққаппен тыңдағанда абай болу керек белгілі дицеблден асырмай, бір сағаттан асқан соң құлақты демалдыру қажет.

Жаңа айтып өткендей, туа бітті құлағы естімейтін сәбилерге қандай мүмкіндіктер бар?

Іштен туа біткен,  естімейтін сәбилерге отаны неғұрлым ерте жасаса соғұрлым тиімді. Өйткені сәбидің сөйлеу қабілеті естуіне байланысты дамиды. Ол отада біз құлаққа кохлерлы имплант қоямыз. Біздің ауруханада сәбилерге осындай отаны 1,5 жастан жасаймыз.

Балаларда жиі кездесетін, бірақ ата-анасы елең қылмайтын лор саласындағы аурулары?

Балаларда жиі кездесетін аденоидит деген ауру. Ол мұрын жұтқыншақта орналасқан лимфоидты тіннің қабынып, ұлғаюы. Осы ауруға шалдыққан балалардың аузы үнемі ашық, өйткені мұрындары бітеліп, дем ала алмайды, кейде қорылдауы мүмкін. Бірақ ата аналар оны жай тұмау деп көбінесе мән бермейді. Нәтижесінде бет скелеті дұрыс дамымайды, сонымен қатар құлақтың да ауруына әкеледі.

Адамның құлағы қанша жастан бастап есту қабілеті нашарлағаны қалыпты жағдай?

Естудің нашарлауы қалыпты жағдай емес, қанша жаста болса да. Құлақтың кенеттен естімей қалуы неврит деп аталады. Невритті дер кезінде емдесе есту қалпына келеді, қанша жаста болмасын.

Құлаққа киілетін апараттың қандай пайдасы не зияны бар.

Апарат киюдің пайдасы ол естуді жақсартады, бірақ апарат  барлық науқастарға жаға бермейді. Кейбір науқастар "құлақта шу бар"  деп шағымданады. Шу бар болса ол естуді одан да нашарлатады. Сондықтан маңыздысы аппаратты дұрыстап тандай білу.

Бүгінде көбейіп отырған мұрын саласының аурулары және негізгі себептері?

Соңғы жылдары мұрын полипы көбейіп келеді. Мұрында полип өсудің себебі ол аллергиялық процесс. Қазіргі кезде, менің байқағаным, аллергиялық ринитке шалдығатын адам көп. Екінің бірі "менде аллергия бар" дейді. Мұрыннан түссіз сұйық  ағады, шырышты қабат ісініп, мұрынмен дем алу қиындайды. Осының салдарынан мұрында полиптер өседі. Менің ойымша бұның себебі ауа райының лас болуы және біздің тамақтануымызға байланысты, яғни химиялық заттар қосылған тағам жегеннен деп ойлаймын.

Мұрынға тамызатын дәрілерді шамадан тыс пайдаланғанда не болады?

Өте дұрыс сұрақ.  Тамшыларды жеті күннен артық қолдануға болмайды. Өйткені мұрын тамшыға үйреніп өз бетінше дем ала алмайды. Мұрындағы қантамырлар кеңейіп тек қана дәріні қажет етеді, және де нәтижесінде мұраннан қан кетуге әкеледі.

Лор саласындағы ҚР жасалмайтын ауыр ота түрлері барма, және қайсы шет елде жасалған тиімді.

Негізі біздің медицина шет елден қалып жатқан жоқ. Бірақ кейбір оталарды жасауға қазір мүмкіндігіміз жоқ. Оның сесбебі қажетті аппаратураның жоқтығы. Мысалы көмей стенозын емдейтін лазер жоқ бізде. Сол үшін науқастар шет елге баруға мұқтаж. Қай ел дейтін болсақ көбіне Кореяға барады.

ЛОР саласында қай мүшеге трансплантация жасалады?

Негізі біздің салада трансплантация деген қолданылмайды. Шет елдерде бетті транплантациялау, көмейді және құлақты транспланьациялау оталары болды. Бірақ көбінесе нәтижесіз.

0 Пікір Кіру