Үй жиһазындағы жасырын қатер - на health.bugin.kz
Шапағат Сердәліқызы  - на health.bugin.kz Шапағат Сердәліқызы

Химияның құпиясы көп

Қоршаған орта қауіп-қатерге толы. Ойламаған жерден жапа шегуің әбден мүмкін. Жақында ғана көпшілік ескере бермейтін, сырттан ауа өткізетін пластмассалық есептегіш құралға назарым ауды. «Формальдегид бөлмеге және адамдарға қаншалықты қауіпті?» деген сұрақ жөнінде іздестіре бастадым. Нәтижесінде формальдегид жайлы сұрақтар мен мәліметтерді назарларыңызға ұсынып отырмын.

Формальдегид дегеніміз не және не үшін қажет?

Оның қалыпты түрі–кәдімгі өткір, иісті газ. Бірақ, ол тез арада сұйықтықтыққа айналып үлгереді және осы зат жасырын түрде өндірісте қолданылады. Мысалға, сұйық формальдегид еріткіші ағаш жаңқаларын, ағаш талшықты тақталарын, пластмасса өндірісінде, бояулар, тері бұйымдары, жуу құралдары, тырнақ бояу, сусабын заттарын әзірлеуге аса қажет. Тіпті, «жаңа жиһаздан формальдегид исі мүңкіп тұр» сынды пікірді сөзді жиі естиміз. Ағаштан жасалған кез келген үстел немесе басқа да заттар бір құшақ гүлдің көлеміндей иіске толы болады. Ол заттарда формальдегидтің үлесі үлкен. Егер сіз, жиһаздардың сұйық газ сасып тұратынына көз жеткізгіңіз келсе, арнайы жиһаз сататын дүкенге бас сұғыңыз.

Формальдегид қайдан алынады?

Өндірістік қажеттілік үшін оны метан мен метанолладан алады. Бірақ, формальдегид атмосфера қабатында да кездеседі. Ол аспанда фотохимиялық реакциялар мен органикалық трансформациның әсерінен пайда болады. Формальдегидтің үлкен бөлігі – атмосфераға адамдардың іс-әрекеті арқылы бөлінеді. Автокөлік қозғалысы, химиялық өндіріс күштері, қоқыс жинайтын, сараптайтын зауыттар, ағаш сұрыптайтын фабрикалар – мұның барлығы сыртқы ауадағы формальдегидтің шығу көзі. Қоқыс жағатын зауыттар формальдегидке өте бай.

Сіз тұратын пәтерде формальдегид бар ма, қауіпті газ үй ішіне қайдан жиналады?

Біріншіден, сырттан келген ауа ағынымен, екіншіден, пәтер ішіндегі түрлі газ бөлетін жиһаздардың әсерінен көбееді. Зиянды газ Ресейде қауіптілік деңгейінің екінші сатысына шыққан. Оның денсаулыққа кінәрат туғызатындығы біраз уақыт бұрын дәлелденген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны зияны тиетін қауіпті заттардың тізіміне енгізген. Ойыншық немесе жиһаз қаншалықты сапасыз болса, соғырлым зиянды ауа таралады. Заттың көлемі да рөл ойнайды. Айталық, пластиктен жасалған қалам дәл сол көлемдегі ағаш бұйымға қарағанда формальдегидті аз шығарады. Бала үшін жарты сағат пластикалық қуыршақпен ойнаған зиянды емес.

Ағзаға қалай әсер етеді?

Ауадағы формальдегид ең бірінші кезекте шырышты тері қабаттарына зиян. Тітіркену, қышыма, бөртпе ауруларына ұшыратады. Ол концерогенді заттардың тізіміне енгендіктен обырға шалдығу қаупін өршітеді. Бала терісі сезімтал, нәзік болғандықтан газдың бүлдіршіндерге әсері айтарлықтай жоғары. Кейбір зерттеулер бойынша формальдегид балаларды жедел және созылмалы бронхитке алып келуі мүмкін.

Жиһазда формальдегид бар екендігін қалай тексеруге болады?

Жиһаз сатып аларда міндетті түрде оның құрамында улы газ бар, не жоқ екендігін тексеріп алған жөн. Е(0) таңбасы бар тауар құрамында формальдегид газы бар, ал, Е-(1) белгісі тұрса, әр жүз грамда 100 грам салмақта, 11 мг формальдегид түзіледі екен. Үй жағдайында одан құтылу үшін барынша сапалы, сырты түрлі химиялық қоспаралармен, тері бұйымдарымен қапталмаған жиһаз алған дұрыс. Сапалы бұйым да сіздің денсаулығыңызды жақсы қалыпта сақтауға көмектеседі. Мақала басында жазған ауа өткізгіш есептегіш құрал бризер үшін қауіпсіз. Өйткені, ол улы газды жинақтайтын сапалы пластикадан жасалған. Кішкентай құрылғы болғандықтан сүзгіш құрал формальдегид газын фильтрлейді.

0 Пікір Кіру