Дәрі-дәрмек дауы: 20 қылмыстық іс қозғалды - на health.bugin.kz
Жан Тұмар - на health.bugin.kz Жан Тұмар

Денсаулық

Қазақстанның 11 өңірінде науқастар өздеріне тиелісі дәрі-дәрмекті алмаған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова айтты.

"Бір жыл бұрын, 2018 жылдың наурыз-сәуірінде министрлік тарапынан мониторинг тобы құрылды. Аталған шара пациенттер тарапынан министрлікке сатып алу процесі жүргізілгендігіне қарамастан дәрі-дәрмектерді ала алмауларына қатысты көптеген шағымның түсуіне байланысты жүргізілді", – деді ол.

Комитет төрайымының дерегінше, еліміздің 11 өңірінде 2016-2017 жылдарға арналған 4,3 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі пайдаланылмай қалып қойғандығы анықталған. Ал дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде аталған дәрі-дәректер науқастарға берілгендігі көрсетілген.

"Мониторинг топтың барлық мәліметтері Бас прокуратураға берілді және өткен жылдан қазіргі уақытқа дейін өңірлерде де, министрлікте де тексеру жүріп жатыр. Осы тексерулердің қорытындысында 20-дан астам қылмыстық іс қозғалды", – деді Людмила Бұйрабекова.


0 Пікір Кіру