Маусымнан бастап дәріханалардағы дәрі бағасы барлық жерде бірдей болады - на health.bugin.kz
Жан Тұмар - на health.bugin.kz Жан Тұмар

Денсаулық

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы реттелетін болады.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Формация комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова айтты.

«Ертең, 9 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің барлық дәрі-дәрмектерге бағана реттеу құзіретін беретін ҚР Заңының нормасы күшіне енетіндігін айтқым келеді. Бүгінде «Атамекен» ҰКП және бейінді қауымдастықтармен, нарықпен келісілген көтерме әрі бөлшек үстеме бағалардың икемді регрессивті жүйесі әзірленді. Ереже бекітілу үшін Әділет министрлігінде жатыр. Ереже жарық көргеннен кейін шекті көтерме және бөлшек баға бекіту жұмыстары жүргізіліп, министрліктің бұйрығымен бекітіледі», – деді комитет төрайымы.

Оның айтуынша, болжаммен мамыр айында дәрі-дәрмектердің бағасы бекітіліп, ҚР Денсаулық сақтау, министрлігінің, Фармация комитетінің, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

«Мауым айынан бастап дәрі-дәрмектерді бөлшек саудалайтын нысандардағы бағаның барлық жерде бірдей болатындығын көреміз», – деді Л.Бұйрабекова.

Айта кетерлігі, дәрі-дәрмек бағасын реттеу ережесі күшіне енгеннен кейін дәріханалар тарапынан бассыздық тиылмақ. Ережеге бойсұндай дәріні өзге дәріханадан қымбатқа сатқандар 1 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді.

0 Пікір Кіру