«Стақанды тастай сал!"» - проблемаға қалай қарау керектігін түсіндіретін ерекше мысал - на health.bugin.kz
Alisher - на health.bugin.kz Alisher

Егер мен стақанды бірнеше минут осылай ұстап тұрсам не болады?

Профессор стақанды студенттер назар аудармайынша ұстап тұра берді де, кейін сұрақ қойды:

– Қалай ойлайсыздар, мына стақанның салмағы қанша?

– 50 грамм!

– 100 грамм!

– 125 грамм! - деп жатты студенттер. 

– Мен өзім де білмеймін, - деді профессор, - оны білу үшін таразымен өлшеу керек. Бірақ мәселе мынада: егер мен стақанды бірнеше минут осылай ұстап тұрсам не болады?

– Ештеңе, - деді студенттер.

– Жақсы. Ал егер бір сағат бойы ұстап тұрсам ше? - деп тағы сұрады профессор.

– Сіздің қолыңыз ауырып кетеді, - деді бір студент. 

– Мақұл. Ал егер бір күн бойы ұстап тұрсам ше?

– Сіздің қолыңыз тас болып қатып қалады, бұлшықеттеріңіз тырысып, тіпті қолыңызды жаны кетіп қалуы мүмкін, сосын сізді ауруханаға жатқызу керек болады, - десті студент қауым. 

– Өте жақсы. Бірақ осы уақыт ішінде стақанның салмағы өзгере ме?

– Жоқ, әрине.

– Онда қолдағы құрысу қалай пайда болды?

Студенттер бір сәт дел-сал боп қалды.

– Бұл ауырудан құтылу үшін не істеуім керек еді? - деп сұрады профессор.

– Стақанды жібере салу керек, - деді аудитория бірауыздан.

– Мінекей, өмірдегі проблемаларға, сәтсіздіктерге дәл осылай қарау керек. Оларды бірнеше минут миыңызда ұстасаңыз – бұл норма. Ол туралы біраз уақыт ойласаңыз – ауыртпалық сезіне бастайсыз. Ал егер оны ұзақ уақыт ойлай берсеңіз, сал болып қаласыз. Яғни енді басқа нәрсе ойламақ түгілі бірдеңе істеуге жарымай қаласыз.

0 Пікір Кіру