Ең көне кәсіп  - на health.bugin.kz
Aimandaily  - на health.bugin.kz Aimandaily

Ал сіз бақсылар қасиетіне қаншалықты сенесіз?

Қазақта абдырап сасқалақтаған адамға қатысты айтылатын "жынынан айырылған бақсыдай" деген тіркес бар. Теңеудің мәні бақсы атаулы, жын шақырса делебесі қозып кетеріне дәлел сынды. Шамандықтың белгісі саналатын осы бақсылық дәстүр ең көне кәсіп екенін білесіз бе?

Шағатай тілінен аударғанда, "бақшы" сөзі тылсым әлеммен байланыс жасай алатын, тәуіптік, балгерлік, сәуегейлік қасиеті бар адам. Сіз білмеген тағы бір дерек, бақсылықпен тек ер адамдар айналыспаған. Әйел бақсыны  қазақ халқымыз "елті" деп атаған. Бақсыларға тән айрықша қасиеттердің бірі — емшілік.  Шығу тарихы отқа табыну мен шамандықпен тығыз байланысты психологиялық емдеу тәсілдерін әр елдің бақсылары сол халықтың өзіне тән  әдістерін арқылы қолданған. Мысалы, қазақ бақсылары қобызда ойнап, зарлы не қаһарлы үн, әуендер шығару, түсініксіз жыр жырлау, “жынын шақырып” зікір салумен айналысқан. 

Гарвард жоғары өнер мен ғылым мектебінің зерттеушісі Манвир Сингх ежелгі тайпалардың пікір бойынша бақсылар адамдар тағдырын болжап, бәлені қашырған деген пікірде. 

Көшпенділер тарихындағы бақсылар орнын білу үшін шет ел ғалымдарының пікіріне сүйенген орынсыз. Себебі, халықтық мұралардың өзінде-ақ Шарабас, Қорабай, Көкаман, ер Домбай, Досыбай, Жирентай және т.б. көптеген жын аттары аталады. Мифологиялық бұл кейіпкерлердің бар екеніне кепіл жоқ. Алайда алғашқы медицина алғышарты талай зұлматта дала жұртын ажалдан арашалағаны хақ. 

"Аңқау елге арамза молда" дейді дана халқымыз. Бүгінде қанмен беріліп, арқалыға қонатын киелі кәсіппен көлденең көк атты айналысып жүргеніне сіз бен біз куәміз. Сондықтан адам сенімін пайдаланып пайдаға кенелгендерден де аулақ жүрген дұрыс болар.  Ал сіз бақсылар қасиетіне қаншалықты сенесіз?

0 Пікір Кіру