Баланы есірткіден қорғауға арналған 5 кеңес - на health.bugin.kz
patick - на health.bugin.kz patick

Қазақстанда қазіргі кезде шетелдік сайттар арқылы сатылатын синтетикалық есірткі түрінің саудасы қызып тұр

Есірткіні мөлшерден тыс пайдаланудан, әсіресе опиодтардан, жыл сайын 190 мың адам қайтыс болады екен. Есірткі құрбандарының басым бөлігі - жастар.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс басқармасы (UNODC) ата-аналарға арнап, баланы наркоманиядан қорғауға арналған 5 практикалық кеңес ұсынады.

Жалпы елімізде жасөспірімдерді есірткіден аулақ ұстау, оған қарсы шара ұйымдастыру мәселесі кеңінен қарастырылған. Тек адам өміріне зиянын келтіріп қана қоймай, мемлекетке, болашақ елдің жастарына үлкен қауіп төндіретін осынау әлеуметтік ортадағы болып жатқан келеңсіздіктің алдын алу үшін Қазақстан Республикасы 2030 жылға арналған арнайы бағдарлама құрған болатын. Бұл құрылған бағдарлама негізінде балалардың құқы мен олардың тәлім-тәрбиесі, отбасындағы әлеуметтік-психологиялық проблемасы шешімін табуы тиіс. Отбасындағы қателікке ұрынған баланың, зорлық-зомбылыққа баруына есірткінің тікелей күші бар. Ал балаңыздан бұл зиянкестен қорғау үшін не істеуге болады?

1. Оны тыңдаңыз. 

Балаға көңіл бөліп, уақыт арнаңыз. 

2. Балаңызды мақтаңыз.

Ата-анасынан мақтау еститін және қолдау көретін балада есірткі пайдалануға ниет бес есе төмен болады екен.

3. Нақты ереже орнатыңыз.

Ереже бұзылған жағдайда да ұстамды болыңыз. Бала бұның салдарын түсінгеніне, ал жаза түрі жасалған теріс қылыққа сай екеніне көз жеткізу қажет.

4. Баланың жоспарын біліңіз.

Егер ата-ана баласының қайда жүргенінен хабардар болып отырса, 20% жағдайда жасөспірім марихуананы пайдаланбайды.

5. Бағдарламаға қосылыңыз.

БҰҰ-ның болсын, басқа да жергілікті, республикамыздағы белді ұйымдардың болсын – есірткіге тосқауыл қоюға арналған түрлі бағдарламаларына, іс-шараларына құлағыңыз түрік жүрсін. Алдын алуға арналған ақпараттардан хабардар болып жүру керек.

0 Пікір Кіру