Баланың кіндік қанын сақтау қанша тұрады? - на health.bugin.kz
Тұңғиық - на health.bugin.kz Тұңғиық

Жаңа туған шақалақтың кіндік қанындағы бағаналық жасуша оның өмірін өзгертуі мүмкін. Қалай? Егер ол немесе оның отбасы мүшелерінің бірі медицинаның күші келмейтін ауруға шалдықса, осы жасушалардың көмегімен аурудан айығуға болады

Сəбидің кіндік қанындағы бағаналық жасушалар таза, ешқандай ауруға ұшырамаған. Олар аты жаман обырдан түрлі қан ауруларына дейін жазуға қауқары бар көрінеді. Енді ми ауруларына да көмегі зор екені зерттеліп жатыр. Яғни, жаңа жасушалар ауру клеткаларды ығыстырады екен. Ендігі сұрақ бұл жасушалар қайда сақталады? 

Дамыған елдерде бұндай өмірді сақтандыру түрі ғылымның жетістігі болғалы қолға алынған. Ал,біздің елде соңғы жылдары ғана қарқынды түрде осындай əлемдік биологиялық медицина банктерінің бөлімшелері жұмыс істеуде. Перзентханаға арнайы шақырып, кіндік қанының бағаналық жасушасын 25 жылға сақтап қоюға болады. Бағасы 1 млн. 500 мыңнан жоғары. Сондай-ақ, сақтап қойған бағаналық жасушаны мұқтаж адамға сатып жіберуге де болады. 

0 Пікір Кіру