Ұйқы салы дегеніміз не? - на health.bugin.kz
Диана Аxметқызы - на health.bugin.kz Диана Аxметқызы

Себеп-салдары қандай?

Дұрыс тамақтанбау, ұйқтамау, стресс пен уайымшылдықтың нәтижесі адамның ұйқы үстінде қысылуына әкеледі. Славян халықтарында бұл құбылысты «домовойдың» әрекеті деп санаса, исламда «шайтанның» ісі деп есептейді. Аталған ұйқыдағы жағымсыз дүниелер адамның түбегейлі саналы кезі мен физиологиясының қимылсыздығымен ерекшеленеді. Медицинада жоғарыдағы әрекетсіздік шалқасынан не қырымен жатқанда орын алады. Процесс ең бірінші, сананың ояу болуы мен галлюцинацияға төтеп берерде дене бұлшықеттерінің қимылдамауы, әсіресе, нарконауқастар мен студенттер арасында жиі кездеседі.

2-3 жылдан бері түсінде тоқтамсыз осындай картиналар көретін жас қыздың оқиғасы. Өзі абитурент, ҰБТ-ға қызу дайындықта жүрген Әлия күні мен түні кітаптан қол үзілбейтін. Бірде бөлмесінде «Шың» кітапты құшақтап, отырған жұмсақ диванында шалқасынан жатып ұйықтап қапты. Түсінде шашы жалбыраған албастыдай келіншек төбесінен төніп тұра екі иығынан ұзағынан басып тұрған. Қызға: «сен еш уайымдама, ҰБТ-ны жақсы тапсырып шығасың» – деп жимыған екен. Денесіне әлгі әйелдің өткір тырнақтары батса да қыз еш артық әрекет жасай алмапты. Ойымен дәл жанында тұрған ұялы телефонына тартылды. Ақыры қорлықтан құтылып, көзінен жас шығып оянып кетеді. Бағанағы қорқынышты желі өзін қайта кері ұйқыға тартады. Көзін ашып, біраз уақыт шамы жанған бөлмеде отырған. Сейілі басылған соң, төменге түсіп, жақындарына болған оқиғаны айтып береді. Анасы баласын уайымдай, жанына алып жатыпты. Әлем халықтарының 7%-ы «ұйқы паралич» күйін басынан кешірген, ойында сонымен күрескен.

Христиандарда жаман хабардың жаршысы – домовойлар. Исламда – сайтандар. Ғылым мен дінде айтарлықтай орын алатын процесті ғалымдар түбіне дейін жетіп әлі зерттей алған жоқ. 

0 Пікір Кіру