Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі  - на health.bugin.kz
Райхангул - на health.bugin.kz Райхангул

Ас адамның арқауы


Мен бүгін әйел қауымы сіздерге ас қазанға жұмсақ әрі жеңіл салаттар ұсынғым келеді.

1) Брокколи жұмыртқа салаты

Салаттың порциясы 4 кісілік 

Брокколи 1 дана

Жұмыртқа 3 дана

Пияз 1/4 дана

Маринадталған қиярдың кішкентай 3 данасы 

Майонез 3-4 ас қасығы

Тұз және перец

Салаттың жасалу жолы:

1. Брокколиді бірнеше бөліктерге бөліп, қайнаған тұзды суға 5 минут қайнатып сүзіп аламызда тіпті кішкентай бөліктерге бөліп кесеміз. Егер брокколи сүзіп алған кезде суы сорғымаған болса, қолмен қысып суын шығаруға болады.  

2. Жұмыртқаны суға қайнатып пісіріп, ағымен сарысын бөлектеп, ағын қолмен бөліп ұсақтаймыз. 

3. Қияр мен маринадталған қияр екеуін ұсақтап тартып, салаттың ыдысына жұмыртқаның сарысын салып майонезбен жақсылап араластырып, тұз перецпен дәмдеуміз. Брокколи мен жұмыртқа ағын қосып араластырамыз.

2)Ешбір майсыз қырыққабат салаты

Салаттың порциясы 4 кісілік 

300гр қырыққабат

1/3 қияр

1 кішкентай тунец банкасы

1 шай қасық тұз

Салаттың жасалу жолы:

1. Қырыққабатпен, қиярды өте жұқа (соломка) қылып кесеміз. Банкадағы тунаны сүзіп аламыз.

2. Кесілген көкөністерге 1 шай қасық тұзды қосып, араластырып, 10-15 минут қоямыз.

3. Тұз сіңіп, аздап сулы болады. Суын сүзіп, банкадағы тунаны қосамыз.  

3) Авокадо мен қызанақ салаты

Салаттың порциясы 4 кісілік

2 авокадо

3 қызанақ

¼ пияз

Аз мөлшерде лимон шырыны

3 ас қасық зәйтүн майы

1 шай қасық қант

½ шай қасық тұз

Перец

Салаттың жасалу жолы:

1.Қызанақты 8-12 бөлікке бөліп кесеміз. Авокаданы қабығын алып, сүйегін алып тастап, кішкентай қылып тураймыз, үстіне лимон шырынын себеміз.

2.Пияздың аштылығын кетіру үшін көп мөлшерде тұз сеуіп, сумен шаямыз.

3.Қалған керекті заттарды ыдысқа салып, жақсылап араластырамыз. Дайын болған салатымызды тоңазытқышқа қойып жесеңіз, өте дәмді болады. 

Салат дайын!

Ас болсын!

0 Пікір Кіру