Құрма жемісінің адам ағзасына тигізер пайдасы - на health.bugin.kz
Қазақ журналист - на health.bugin.kz Қазақ журналист

Ораза ұстаған адамға ауызды құрмамен неге ашу керек?!

Ораза – барша мұсылман атаулыға қасиетті үлкен парыз,құлшылық. Рамазан айында ораза тұту әр бір ермен әйел кісіге, дені сау мұсылманға парыз. Ал ораза ұстаған кісіге ауызды құрмамен ашу бұл-сүннет. Қасиетті Құран Кәрімде құрма жайында көптеген аяттар да бар. Сонымен құрма жемісінің адам ағзасына тигізер пайдасы қандай?

Құрма жемісі пальма тұқымдастарына жататын ең көне, түрлі дәрумендерге бай жеміс түрі.Құрма:

- құрма жемісінің құрамында калциймен фосфордың болуы адам денесіндегі сүйектердің қатаюына ықпал етеді

- құрманың құрамында Б1, Б2 витаминдері көптеп кездеседі, әлбетте ол бауыр жасушаларының қалпына келуіне әсер етеді

- жас құрма тері тіндеріне, жүктілік пен күнге күю салдарынан болған дақтарды кетіреді

- жүйке жүйесі жолдарының бұзылуының алдын алады

- құрма жүрек қан тамырлары мен қаназдық ауруларына да шипа

- сонымен қатар ас қорыту ға да пайдалы, әрі тойымдылық қасиеті  өте жоғары

- ми мен жүйке жүйесінің жұмысын жақсартуға да өз септігін тигізеді.

- құрма жемісінің құрамында танин көп болғандықтан денедегі ұсақ жарақаттары тез жазады. 

Есте сақтап алар жайт құрма жемісінің құрамында ойдың жүйелі болуына, денсаулыққа пайдалы 10 түрлі элемент бар. Бүгінгі таңда ғалымдар адам баласы тек сумен құрманы азық етіп,, бірнеше жыл өмір сүре алатындығын дәлелдеп отыр. 

Сондай-ақ араб әйелдері ғасырлар бойы ерінің күш-қуатын арттыру үшін қолданып келеді. Оны ұнтақтап ерлердің кофесіне қосады. Бұл жемістің құрамында құмарлықты, жыныстық қабілетті арттыратын амин қышқылдары бар көрінеді.

Құрма жайындағы ғибратты әңгімелер:

Айша анамыз дың (р.а) айтуынша Пайғамбарымыз (с. а. у) ораза сын жас құрмамен, жас құрма болмаса кепкен құрмамен, болмаса сумен ашатын (Әбу Дәуіт, Сиям 21 ). Сол себептен де құрмамен ауыз ашуды сүннет деп білген исі мұсылман құрманы дастарқанға қоюды әдетке айналдырған.

Тағы бір деректе Хазірет Мәриям Иса (а.с) аяғы ауыр кезінде толғағы қатты қысып қиналғанда, Алла Тағала мейірім білдіріп, оған құрма жеуді әмір еткен.

0 Пікір Кіру