Неге сенің пиво мен кофеге жаның құмар? - на health.bugin.kz
Бека - на health.bugin.kz Бека

Сенің әріптесің тәтті кока-коланы ішкен кезде, сен неге хмельді пиво немесе ащы қайнатылған кофені ұнатасың?

Осы сұрақтың жауабын ғалым Marilyn Cornelis гендік тұрғыда зерттеп көрді. Себебі, осы сұрақтардың жауабы адамдардың диета ұстауының құпиясын ашып қалуы мүмкін екен деп жазады Science Daily.

Marilyn Cornelis зерттеуі бойынша, кофе мен пивоға деген құштарлық генетикалық тұрғыда емес, осы сусындардың құрамындағы психотрофты заттарда екен. Психотрофты заттар адамдардың сезімге берілуін тудырып, көңіл күйдің өзгеруіне алып келеді. Бұл жерде сусындардың дәмінің қатысы жоқ екен. Адамның психологиясы сезімнің оянуын тудыратын заттарды жақсы дәм ретінде көріп, келесі жолы татуға құштар болып тұрады.

Сонымен қатар, тәтті сусындар көптеген аурулардың тудырушысы болып табылса, ал алкогольды заттар 200-ден астам аурудың себепкері және әлем бойынша барлық өлімнің 6% құрайды екен.

0 Пікір Кіру