Қант диабеті: Сен білуге қажетті жайттар - на health.bugin.kz
Бека - на health.bugin.kz Бека

Адам организмдегі қантты толық ыдыратын инсулиннің мөлшері аз болған кезде диабет ауруы дами түседі. Осы мәселе бірнеше қиындықтар туғызады: аяқ ауруы, қол ауруы, т.б.

Диабетпен ауырған адам аяқ ауруын сезінсе, ол бірінші кезекте сол аймақтағы нерв талшықтарымен тығыз байланысты. Нерв талшықтарының ауыруы диабетпен ауыратын адам қан құрамындағы қант мөлшерін бір қалыпта ұстамағанда және қажетті дәрі-дәрімекті қабылдамағанда пайда болады.

АҚШ-ның Диабет Ассоциациясының мәліметі бойынша, Америкада 30 млн адам осы ауруға шалдыққан. Жер бетінде әрбір бесінші адамда осы қауіпті аурудың белгілері бар екен. Көптеген адамдар осы ауруға шалдыққанын білмеуі өлімнің артуына алып келіп жатыр.

Төменде дибеттен пайда болатын аяқ ауруы туралы сөз қозғаймыз: қалай қорғану керек, айығу жолдары.

Неге диабет аяқ ауруының себепкері?Диабеттік нейропатия.

Диабеттік нейропатия қол мен аяқта жиі кездеседі

Диабетпен ауырған адам қандағы қанттың мөлшерін тұрақты ұстамағанда бірнеше қиындықтарға тап болады. Солардың бірі – диабеттік нейропатия.

Диабеттік нейропатия – нерв талшықтарының қызметінің бұзылуы. Диабеттік нейропатия дененің бірнеше жерлерінде пайда болуы мүмкін, негізгі кездесетін жерлері – қол мен аяқ.

Егер нейропатия аяқ немесе қолда кездессе, ол аймақтағы нервтің қалыпты жұмысы бұзылғанын көрсетеді. Адам саусақтың, аяқтың жансыздануын сезінеді.

Диабеттік нейропатия қайталана беретін адамдарда өте қауіпті қиындықтар туындауы мүмкін: саусақтың, аяқтың кесілуі (ампутация).

Диабеттік нейропатия пайда болғаннан кейін ауырсынуды төмендету тұрғысындағы емдеу жұмыстарын жүргізген абзал. Емдеу шараның жай-күйін баяулатуға көмектесуі мүмкін.

Не іс-шара қолдану керек?

Диабеттік нейропатияны жақсы емдеу – бұл алдын алу. Қант диабетімен ауыратын адамдар қанның қант деңгейін тиімді басқару арқылы диабеттік невропатияның даму қаупін төмендетуі мүмкін.

Адамда диабеттік невропатия дамып кетсе де, қандағы қант деңгейін бақылауға тырысу керек. Диабеттік невропатияны емдеудің негізгі бағыты – бұл ауруды емдеу. Көп жағдайларда, адамибупрофеннемесеацетаминофентәрізді дәрі-дәрмектерді қабылдауға тырысу қажет. Орташа және ауыр жағдайларда денсаулық сақтау ұйымы ауырсынуды емдеу үшін тегін дәрі тағайындайды. Бұл дәрілердедулоцетиннемесепрегабалинболуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда дәрігер дәрі-дәрімектердіцитентадолнемесетрамадолсияқты дәрі-дәрмектерге ауыстыруы мүмкін.

Үй жағдайындағы ем

Дәрі-дәрімектер ауруды жеңілдетуге көмектессе де, адамның диабеттік невропатияны жеңілдету немесе азайту үшін үйде жасауға болатын бірнеше шара бар.

Төменде үйде жасалатын аяқтың ауырсынуын жеңілдетудің ең жақсы нұсқалары берілген.

Жаттығу

Тұрақты, қалыпты жаттығулар профилактикасын жүргізіп тұру қан ағынын жақсарту сияқты денсаулыққа пайдалы артықшылықтарға ие. Қан ағымы тұрақты болса, оттегі мен қоректік заттар адамның аяғына қажетті мөлшерде келіп тұрады. Ол өз кезегінде невр талшықтарының жұмысына оң әсерін тигізеді.

Диабеттік перифериялық невропатиясы бар адамдар физикалық белсенділіктің деңгейін арттырса, симптомдарының төмендеуін сезінуі мүмкін.

Дегенмен, кез-келген адамның қант диабеті бар адам жаттығу режимін бастамас бұрын дәрігерімен ақылдасуы қажет.

Диабеттік невропатиясы бар адам физикалық белсенділігін арттыруға тырысуы керек

Диета

Пайдалы, калориясы аз тамақтарды тұтыну қант диабетімен ауыратын адамдарға жүйке ауруын қоздырмауға көмектеседі. Қандағы қант деңгейін бақылауға көмектесетін дұрыс тағамдарды таңдау – адамдар зақымданудың алдын алады және аруы қарай қабынуын азайтады.

Қандағы қант деңгейін тұрақты ұстап тұруға көмектесетін дұрыс нұсқаларға көңіл бөліңіз. Азық-түлік өнімдеріне мыналар кіреді:

-         төмең калорриялы ақуыздар;

-         зәйтүн майы, жаңғақ немесе балық майлары;

-         крахмалсыз көкөністер;

-         жеміс-жидектер;

-         күрделі көмірсулар, мысалы, сұлы немесе тұтас нан пастасы.

Диабеттік нейропатияға көмектесетін дәрумендер мен қоспалар:

-         дәрумені D;

-         В-12 витамині;

-         ацетил-L-карнитин;

-         альфа-лип қышқылы.

Кез-келген қоспаларды қабылдауға кіріспес бұрын, адамдар өздерінің дəрігеріне нақты тамақтану қажеттіліктері туралы сөйлесуі керек. Кейбір қоспалар қабылдап жүрген дәріге теріс әсерін беруі де мүмкін.

Темекіден бас тарту

Шылым шегуден бас тарту немесе ешқашан шекпеу адамның денсаулығына жағымды әсер етеді.

Диабеттік невропатиясы бар адамдар темекі шекпесе, олардың симптомдары жақсарады. Себебі, темекі шегу қан айналымына кедергі келтіреді.

Ауырсынуды жеңілдетуге көмектесетін кейбір басқа амалдарға мыналар жатады:

-         физикалық терапиямен емдеу;

-         инелі терапия;

-         түңгі қозғалмалы төсектерді пайдалану;

-         төменгі аяқтарға массаж жасау;

-         аяғын жылы суға батырып отыру (ашық жаралар болмаса).

Диабеттік нейропатияны болдырмау мүмкін емес. Дегенмен, адамдар қанның қант деңгейін тиісті түрде бақылап отыру арқылы олардың даму қаупін азайта алады.

Адам қандағы қант деңгейін бақылау үшін қалыпты диета ұстау керек

Адам қандағы қант деңгейін сақтауға көмектесу үшін кейбір қадамдар жасай алады:

-         пайдалы аспен тамақтану;

-         дұрыс тамақтану жоспарлары туралы диетологпен сөйлесу;

-         тұрақты түрде жаттығулар жасау;

-         қанттағы қант деңгейін күніне қадағалау;

-         дәрі-дәрмектерді қабылдау;

-         дәрігермен талқыланған барлық емдеу жоспары қадамдарын орындау. 

0 Пікір Кіру