Инемен емдеу немесе акупунктура - на health.bugin.kz
Жанарыс Жанузаков - на health.bugin.kz Жанарыс Жанузаков

Пайда болғанына 2000 жылдан асқан емдеу әдісінің қасиет неде ?

Атауы латын сөздерінен шыққан (acus – ине және punctura – шаншу). Демек, дененің жұмсақ тіндерінің белгілі бір нүктелеріне  арнайы жасалған инелерді енгізу арқылы орындалатын емдеу әдісі.

ХХ ғ аяғынан бастап батысқа таралған осы емдеу әдісі тұмау мен жөтелде кеңінен қолданылады. Ине шаншу ұйқысыздық пен бас ауырудан, тіпті алкоголь мен никотинге тәуелділіктен кұтылуға көмектеседі. Ол бұрыннан бері жүрек-қан тамырлары, дерматологиялық, гинекологиялық, ревматикалық аурулардан зардап шегетін адамдарды емдеуге көмектесіп жатыр.

Шығыс медицинасында акупунктура арқылы басқа да бірталай ауруларды жазуға болады деп саналады. Инемен емдеушілердің пікірінше "Адам денесінде өмірлік "ЦИ энергиясы" айналып тұрадыю. Адам ауырған кезде ЦИ энергиясының айналымы бұзылады. Денсаулықты қалпына келтіріп, жазылу үшін денеде нақты орналасқан нүктелерді іске қосу керек. Нүктелерге дәл түскен инелер науқастың  ауырсынуы мен эмоциялық жағдайын тепе-теңдікте ұстап, эндорфиннің жұмысына көмектеседі. Ол ағзаға әсер бергенде қан айналымы бір қалыпқа келіп, мидың электрлік белсенділігі жақсарады". Акупунктураның операция кезінде ауырсынуды басатыны мен Нерв жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне көмектесетіні тәжірибе жүзінде дәлелденген.

Алайда, акупунктура емдей алмайтын аурулар бар. Ол сынықтар, онкологиялық аурулар, тіндер мен ағзалардың қатты зақымдануы кезінде ешқандай сауығуға әсер етпейді.

Кейбіреулер акупунктура ешқандай әсер бермейді деп санайды. Олар қателеседі. Акупунктура бұрыннан мемлекеттік деңгейде ресми түрде танылған. Жеке медициналық тәртіп бойынша, ол толық тексеруден өткен соң және нақты ауруларды анықтағаннан кейін ғана тағайындалады.  Акупунктуралық инелерөте жіңішке, сондықтан науқастардың көбісі ешқандай жайсыздық сезбейді

Әдетте, дәрігер  жүктілік кезінде, ішкі қан кету болса, қатерлі немесе қатерсіз ісік пайда болған кезде процедураны жүргізуден бас тартады.

Егер сіз емделіп шығатыныңызға сенімді болсаңыз, егер лицензияланған тәжірибелі маман стерильді инелер қолданса акупунктура қауіпсіз,ал ем сәтті болады. Тек ем қабылдамастан бұрын бір нәрсені есте ұстаңыз!. Бұл емдеудің көне әдісін қолданатын дәрігер кемінде 10 жыл оқыған және тәжірибесі мол болу керек: сонда ғана жақсы нәтиже болады. 

Клиника мен емшіні таңдағанда, дәрігердің дипломы және білімі туралы толық ақпарат біліп алыңыз. Дәрігердің бұрын қайда жұмыс істегенін, оның кәсіби деңгейін бағалап, содан кейін ғана ем қабылдаңыз. Себебі, біліктілігі аз дәрігер жүйке жүйесі мен ішкі органдарға зиян келтіруі мүмкін. Ем кезінде ине шаншыған жер қатты ауырса немесе мүлдем сезілмесе, аздап қан кетіп көгеру болса ине дұрыс түспегенін білдіреді. Ал, салынатын ине стерилизациядан өтпеген болса ағзаға қан арқылы инфекция түсіп кету қаупі бар.

0 Пікір Кіру