Бізде адамды өлтіріп жатқан дерт пе әлде жемқорлық па? - на health.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на health.bugin.kz Марғұлан Ақан

Дабыл қағатын жағдай!!!

Бізде адамды өлтіріп жатқан қатерлі ісік емес, коррупция екенін білесіз бе?! Европада қатерлі ісікпен ауырған әр он адамның жетеуі емделеді екен. Бізде емделгендердің нақты дерегі жоқ...
2012 жылғы көрсеткіш бойынша жылына 400 бала қатерлі ісікке шалдыққан деп тіркелінсе, 2015 жылы қатерлі ісікке шалдыққан бала саны 600-700 жеткен. Елімізде қатерлі ісікке шалдыққандар саны жүрек қан тамырлары ауруымен ауыратындардан кейінгі екінші кезекте тұр... Соңғы жылдары сүт безі, жатыр, тоқ ішек, өңеш, асқазан, өкпе қатерлі ісігіне ұшырағандар саны күрт өсуде. Себебі қандай?
Айналаңызға қарап, жақын-жуығыңызды түгендеңізші... Кейінгі кездері жаман аурудан қайтыс болған таныстар өте көп. Танымайтындар қанша ма?! 
Медицина әлсіз бе?
Арнайы мамандар жоқ па?
Қаржы бөлінбей ме? деген сұрақтарға жауап іздеп жүріп Жұмабике Жүнісованың жан айқайға толы мына мақалаларына тап болдым. Рас дейін десем өтірік сияқты, өтірік дейін десем бәрі айғаққа құрылған. Оның үстіне мақалада көрсетілген онколог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сариевич Мұстафин ортақ танысымыз болып шықты. Бұл онкологтың көптеген науқасқа қол ұшын беріп, емдеп жүретінінен xабардармын. Онкомдецинадағы жемқорлыққа қарсы күреске шығып, басын бәйгеге тігіп жалаңаш қолымен жаға ұстасып жүргендердің бірегейі.
Ауру айтып келмейді, әсіресе жаман ауру.
"Дат" газетінің бірнеше санына шыққан қатерлі ісікпен ауыратындар туралы, оларды емдеу жолдары (жалғаны бар шыны бар), тіпті осы аурудан бизнес жасап, пайда тапқысы келетіндер туралы оқып қайран қалдым.
Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы болған заман-ай!
Негізінде қатерлі ісікпен ауратындарды емдеу үшін, арнайы аппараттар сатып алу үшін қазынадан триллиондап қаржы бөлінеді екен. Ал, керек болса?!
Ол қайда кетті?
Қатерлі ісікке шалдыққандардың шүберекке түюлі жанын саудаға салған жемқорлықтың арғы жағында кімдер тұр?
Неге науқас адам шетелден ем іздейді? Неге беттің арын белге түйіп шетелде емделу үшін елден жылу жинайды? 
Біреу қол ұшын берер, біреудің өз жағдайы жоқ... Есі дұрыс қоғам құру үшін, дені сау ұрпақ өсіру үшін сол қоғамды құрушы ең ұлы күш адамның денсаулығы бірінші кезекте тұрмаушы ма еді? 
Сайлау алдында айтып қалайықшы, үміткерлердің естерінде жүрсін! 

Сіз, не дейсіз?

Жаңылхан Асылбекова Facebook парақшасынан алынды 

0 Пікір Кіру