Пайдалы кеңес.

Марк Аврелий былай дейді: «таңертең ұйқыдан оянған кезде өзіңізді өмірге қайта келгендей сезініңіз. Сол күннің қадірін біліңіз және жақсы дүние жаршы болыңыз».

Марк Аврелийдің сөзіне баға бере отырып, сіздерге таңғы сағат 10-ға дейін жасап үлгеру керек 10 қағиданы ұсынамыз.

Медитация

Таңда тұра салып денені бірден жаттығуға салмай, терең тыныс алып, кеудеңізді еркін керіп қозғалсаңыз да жеткілікті. Бұл орыннан тұра салған кезде жасалу керек медитация.


Өзіңізге алғыс айтыңыз

Таңертең ұйқыдан тұрып айнаға қараңыз. Айна алдында тұрған өзіңізге рақмет айтыңыз. Адам өзіне разы болған кезде, көңілі толған кезде ғана толыққанды тұлға ретінде жұмыс жасай алады.


Ертемен тұрып жоспар құрыңыз

Барынша ерте және тұрақты түрде жасалған жоспардың пайдасы бар. Таңертең тұра салып жоспар бойынша жұмысқа кірісу күніңіздің сәтті өтуіне тікелей әсер етеді.


Бір стакан су ішіңіз

Тұра салып шай немесе басқа шырынды сусындарға асықпаңыз. Ең бірінші жұмысқа кірісетін асқазанға бір стакан су жіберіңіз. Бір стакан судың ағзаға беретін пайдасы молынан. Жалпы адам денесінің өзі судан тұрады. Сондықтан оның маңыздылығы бар.


Жаттығу жасау керек

Қазір жаттығудың неше түрлі түрлері бар. Солардың қайсысы ыңғайға келеді содан бастап жасай беріңіз. Арнайы бір заңдылық қатып қалған жоқ. Дегенмен таңғы жаттығудың барынша жеңіл болғаны дұрыс. Мәселен жай ғана аяқ-қолды қимылдатудан бастаңыз. Бұл түнімен ұйып қалған қандардың айналуына үлкен септігін тигізеді.


Симфония тыңдаңыз

Музыка немесе ән емес симфония тыңдаңыз. Себебі аспапта орындалған әуен адамға таңғы сергуіне көмектеседі. Ғалымдардың зерттеуінше адамның жұмысқа күш алуына, өмірге құлшынысын арттыруына әуеннің үлкен әсері бар.


Пайдалы таңғы астан бастаңыз

«Таңғы асты тастама» дейтін қазақта сөз бар. Таңғы астың адамға пайдасы өте зор. «Түсте іше салам», «кешке тойып жеймін» деген дүниеден аулақ болыңыз. Себебі таңғы астың қуаты күні бойына жұмыс жасауға жетеді. Әсіресе пайдалы тағамдарды пайдаланыңыз. Ерте тұрып ас қарынға қуырылған жұмыртқа жегеннен гөрі, қайнатып жеген абзал.


Күліңіз

Ұйқыдан тұра салып күліңіз. Әрине қатты күлудің қажеті жоқ. Бастысы көңілді және жымиып жүріңіз. Таңғы күлкінің пайдасы адамға сергетік сыйлайды. Жұмыста да кедергі аз болады, адамдармен тез тіл табысып кете аласыз. Күлкіңіз риясыз болғаны одан да жақсы.


Үйді тазалап кетіңіз

Таңертең тұрып төсегін жинамаған адамның кешке дейін жұмысы да шашыраңқы болады, берекесі кетеді. Бұл психологиялық жақтан толық зерттеліп қойған тақырып. Себебі адам төсегін жиюға қимаған 2 минут уақытын жұмыста қалай жұмсайды?! Сондықтан түннен қалған қоқысты төгіп, ерте тұрып үйді реттеп қойыңыз.


Ең қиын жұмыстарды алдымен жасаңыз

Жұмысқа шықпастан бұрын жоспарға қараңыз. Ең қиын және ауыр жұмыс қандай. Соны бірінші орындап тастауға тырсыңыз. Күн төбеге шыққан кезде жұмыс істеуге құлқыңыз болмайды. Ол кезде ауыр жұмыс болса мүлде құлшыныс болмайды. Сондықтан ең ауыр жұмыстарды ерте бітіріп тасаған жөн.

Марғұлан