ДДҰ: Танысу бағдарламаларынан абайлаңыз! - на health.bugin.kz
Orash - на health.bugin.kz Orash

Күніне миллиондаған адам жыныстық ауруынан зардап шегеді

Deutsche Welle (Неміс толқынының) ақпаратынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) күн сайын бүкіл әлемде миллионнан астам адамның жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауыратындығын ескертеді. Жақын арада жасаған баяндамасында ұйым «танысу бағдарламасы дәуіріне» ескерту жариялау керек екенін айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) дүние жүзінде  жыныстық жолмен берілетін аурулармен (STDs) күресу жағында ілгерілеушілік кемшіл екенін және кездесуге арналған бағдарламалар қолданысының артуы адамдарды одан ары немқұрайлы ете түскенін ескертті

Бүкіл дүние жүзінде күніне 1 миллионнан астам жыныстық жолмен берілетін ауруға (STD) шалдығады немесе жұғымданады (STI) екен, оның ішінде ең үрейлісі Хламидиоз, гонорея, трихомониаз және мерез болып табылады.

ДДҰ-ның 7-ші маусымда жариялаған баяндамасында: «Бүкіл дүние жүзінде орта есеппен 25 адамның ішінде 1 адам кем дегенде 1 түрлі жыныстық жолмен берілетін ауру бактерияларын жұқтырған »,-деп хабарлады.

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар барлық жерде таралуда.

Дүние жүзі Денсаулық сақтау Ұйымы адамзаттың Репродуктивті денсаулық мәселесіне жауапты ресми өкілі Teodora Wi, Танысуға арналған бағдарламалар жыныстық қатынасқа түсуді жеңілдетеді, ал адамдардың өзін-өзі қорғауға өте немқұрайлы қарайтынын айтады. Ол тағы да адамдардың өздеріне шектен тыс сенімділігі емдік шаралардың қол жетімді болуымен байланысты екенін айтады. Бұл ВИЧ-ке назар аударудың, сақтық шараларды қолданудың айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Сонымен бірге басқа да жыныстық жолмен таралатын ауырулардың көбеюіне әкеледі дейді.

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауырулар біз ойлағаннан әлдеқайда көп.

ДДҰ баяндамасы 2016 жылығы бүкіл жершарындық деректер жинағына негізделген.Баяндамаға сәйкес, 2016 жылы 15 жастан 49 жасқа дейін 127 млн. адам хламидиозбен, 87 млн. адам гонореямен және 6,3 млн. адам мерезбен жұғымдалған. Сонымен қатар, шамамен 156 миллион адам паразиттерден туындаған трихомонат вагинитімен ауырады. Бұл көрсеткіштер ДДҰ-ның көрсеткен жаһандық инфекцияның 5% -дық межесінен асып түскен.

0 Пікір Кіру