Өз өміріңе бағдарлама жаса - на health.bugin.kz
Plumeria - на health.bugin.kz Plumeria

Барлық зат ойға байланысты. Ой – бәрінің бастамасы. Оймен басқаруға болады. Сондықтан да жетілдірудің басты мәселесі: оймен жұмыс жасау. Лев Толстой


Әлемдегі ең қиын және ең қымбат компьютер не екенін білесіз бе? Ол – сіздің  миыңыз. Ал кез келген компьютерге не керек: бағдарлама. Жақсы өмір – дұрыс бағдарлама. Бағдарлама – бұл сіздің армандарыңыз немесе «анау жоқ, мынау жоқ», «мені ешкім жақсы көрмейді», «менде жоқ», «мені ғана көрмесе болды», т.б. деген «ұлы» сөздеріңіз.

Егер қажетті бағдарламаны жазсаңыз, өміріңіз сол бағдарлама бойынша жұмыс істейтін болады. Сол кезде сізге ешқандай психологтың да, балгердің де, көріпкелдің де керегі болмайды. Қазіргі күні «өмірімізді елестете алмайтын» қолымыздағы телефондарымыз, сүйіп оқитын кітаптарымыз, сан алуан технологияларымыздың бәрі – біреудің кішігірім ойы, арманы, үлкен еңбегі еді.

Жалпы үнемі армандап жүру керек, армандай білу керек. Оған мысал ретінде, атақты актер Джим Керридің өмірін алуға болады. 1992 жылы Канададан Лос-Анджелеске келген жас, әлі ешкімге танылмаған, кедей отбасыдан шыққан Джим Керри, табысқа жету туралы кітапты оқып, былай жасаған екен: өзінің актерлік қызметі үшін берілді деген  10 миллион доллардың чегін қағазға жазып және бұл чекке үш жылдан кейін қол жеткіземін деп өзіне уақыт белгілеп, қағазды әмиянына салып, үнемі өзімен бірге алып жүреді. Үш жылдан кейін«Тупой и еще тупее»атты фильмінен 10миллион долларгонорар алады. Өмірдің ұлы құпиясы – Тартылыс заңы. Бұл заң бойынша «ұқсас заттар бір-бірін тартады». Яғни, сіз бір нәрсе туралы ойлаған кезде, сол дүниелерді ойларыңыз сізге қарай тартатын болады.

Екінші Ұлы Отан соғысы кезінде анестезиолог дәрігер Генри Бичер солдаттарды емдеп жүріп, морфийі біткен кезінде, жедел ота жасау керек болғандықтан, науқастарға қарапайым тұз ерітіндісін салып, оларға ауруды сездірмейтін ең мықты дәріні салып жатқанын айтады. Дәрігердің байқауы бойынша, солдаттар отаны еш ауруын сезбестен шыдап жатады. Бұл жерде сөздің құдіреті сол – адамның миы мен бүкіл ағзасын жоқ нәрсеге сендіруі, қабылдатуы, адамды бағдарлауы. 

Адам болып жаратылғандықтан бәріміз армандаймыз, армандап келеміз де. Бірақ... орындалған арман жоқ. Неге? Себебі, адам ниеті мен сөзін жөндеуі қажет. Сөз түзелген жерде, ой түзеледі. Ой түзелген кезде, өмір түзеледі. Өмір түзелді деген – армандардың орындалғаны дегені. 

0 Пікір Кіру