Жемістердің патшасы  - на health.bugin.kz
Plumeria - на health.bugin.kz Plumeria

Жас болып қалғыңыз келсе, осы бір "ғажайып" жеміске көңіл бөліңіз

Кез келген адамның қартайғысы келмейтін шығар? Әсіресе, әйел қауымы қартаюдың алдын-алу үшін күн сайын кремдердің сан алуанын жағып, апта сайын маска, скраб, пилинг, т.б түр-түрін жасап, қалта көтеріп жатса, салондарды аралап кететін әдеті бар. Бірақ кез келген дүниені сырттан емес, іштен емдеу керек екендігін және көмекті химиялық заттардан емес, табиғи дүниелерден іздеген жөн екенін де жақсы білеміз. Қартаю – табиғи заңдылық. Дегенмен, оның өту процесін, жылдамдығын ұзартуға болады.

Лозанна федералды политехникалық мектебінің және швейцариялық биоинформатика институтының ғалымдары анардың табиғи қосылысы белгілі бір жастағы процестердің бәсеңдеуіне ықпал ететінін анықтады. Бұл туралы Medical Xpress баспасөз хабарламасында хабарланған. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері, уролитин А 50 жасқа жеткенде күш пен массаны жоғалтуды бастайтын қаңқалы бұлшық ет жасушаларында митохондриялардың жұмыс істеуін жақсартатынын көрсетті. Уролитин А адамның ішегінде эллаготаниндер түскен кезде пайда болады (дәндерде және анар шырынында кездеседі). Яғни, зерттеушілер уролитин А митохондриялардың қызметін жақсартып, және сол арқылы жасушалардың қартаюын баяулатады деген тұжырымға келді.

Анар ағашы жемісінің басқа да пайдалы қасиеттері:

- күшті антиоксиданттық қасиетке ие;

- қабынумен, артритпен күресуге көмектеседі;

- есте сақтауды жақсартады және физикалық жұмысқа қабілеттілікті арттырады;

- жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін төмендетеді;

- қуықалды безінің обырынан қорғайды, т.б.

Анар шырынының қасиеттері туралы бұрыннан белгілі: Гиппократ оны тері аурулары мен күйіктерді емдеу үшін ұсынса, ал Авиценна оның емдік қасиеттері туралы жүзден астам рет атап өткен екен.

Аңыз бойынша, бұрында хандар ең алғаш тәждің формасын осы анарға қарап жасапты-мыс. Анарды «жемістердің патшасы» деп айту себебі сыртқы пішінінен бөлек, пайдасының өзі шаш етектен.

0 Пікір Кіру