Кәрілік түрден емес, жүректен - на health.bugin.kz
Plumeria - на health.bugin.kz Plumeria

Ештен кеш жақсы

Барлық стеоротиптерді бұзған Ван Дэшунь өз замандастарына және соңынан ерген жастарға «жарқын өмірдің» не екенін, «өмір сүру» үшін қандай да бір жастың кедергі болмайтындығын өз үлгісінде көрсетіп келе жатыр. Армандарыңды орындау жолында, еш қашан жасыңды ойлап, тоқтап қалмауға кеңес береді: «Өз жасыңыз туралы ойлай берсеңіз, ол үнемі сізге кедергі келтіретін болады. Биологиялық жаспен бірге, сіздің ішкі жан-дүниеңізді анықтайтын тағы бір жас бар» - дейді ол.

Жастық шағында радиода, кинода және театрда жұмыс жасағанқытайлық қария 79 жасында Қытайдың сән апталығы аясында сән киімін көрсетудің жұлдызы және интернеттегі ең танымал адамдардың бірі болды. Зейнеткер өзін босаңсуына жол бермейді және дененің шымыр, ақыл-сананың дұрыс болуы үшін тәулігіне үш сағат бойы дене жаттығуымен шұғылданады.

44 жасымда ағылшын тілін үйрене бастадым.

49 жасымда өзімнің пантомима тобымды құрдым.

50 жасымда жаттығу залына алғаш рет кіруім.

57 жаста мен сахнада ойнап, «тірі мүсін» деп аталатын бірегей өнер формасын құрдым.

70 жасымда өз денеммен жұмыс жасауға шындап кірісе бастадым.

79 жасымда алғаш рет сән алаңына шықтым.

Қазір 80 жастамын. Әлі де күшім көп. Ұмтылатын армандарым бар. Сіз тым кеш деп айтқан кезіңізде, ойланыңыз, себебі бұл орындамас үшін айтылған сылтауыңыз ғана болуы мүмкін.

0 Пікір Кіру