Әжім арқылы да диагноз жасауға болады  - на health.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на health.bugin.kz Марғұлан Ақан

Қалай?

Адам баласы болғаннан кейін бетке әжімнің түсуі қалыпты жағдай. Дегенмен, бұл адамның жас кезінде ерте пайда болып, дендеп кетсе онда қалыпты жағдайдан тыс деген сөз. Жалпы әжім арқылы да дерттің диагнозын қоюға болады. 


Көздің айналасына доға тәрізді «күлкі әжім» пайда болса, денедегі сіңір ұлпаларының әлсіреуінен және есту қабілетінің төмендегендігінің белгісі. 

Көздің астыңғы жағына жарты ай тәрізді әжім түссе, бүйрек, қуық, жүрек ауруларының белгісі. 

Мұрынның қырына «+» формалы әжім түсу жұлын немесе бүйрек қызметінің бұзылуының белгісі болуы мүмкін. 

Маңдайына әжім түскендердің шекесі көп ауырады. 

Оң жақ беттегі әжім сол жақ беттегі әжімнен терең болу – бауыр ауруының белгісі. 

Маңдайындағы әжім бір-біріне ұласпай толқын сияқты болып тұрғандар психологиялық дертке шалдыққан сияқтанып, көңілкүйі тұрақты болмайды. 

Мұрнынан ерніне дейін ұзын, көлденең әжім түсу – жүрек дертінің белгісі. 

Маңдайына орақ формалы әжім пайда болу – аяқтағы дерттердің әсерінен болады. Мойнына төмен қысқа әжім түсу – асқазан қызметінің нашарлауынан келіп шығады. 

Ерінге ұсақ әжім қаптаса – асқазан қызметінің қалыпсыздығы. 

Мұрын мен еріннің ортасына әжім пайда болу – гормон қимылының әлсіреуінен дерек береді. 

Иегіне және астыңғы ерніне әжім түсу – ішек, асқазан, геморрой дертінің белгісі.

Дереккөз: Жас-Ай журналы

0 Пікір Кіру