Ағзаңызды антиоксиданттармен қамтамасыз етіңіз - на health.bugin.kz
Plumeria - на health.bugin.kz Plumeria

Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілдігі

Антиоксидант – еркін радикалдармен іске қосылатын ағза үшін қауіпті тізбекті реакциялардың өтуіне кедергі келтіретін молекула. Антиоксиданттар дене үшін табиғи қалқан рөлін атқарады. Салауатты өмір мен дұрыс тамақтану сіздің ағзаңызға, оның ішінде ми жұмысына да зор әсерін тигізеді. Антиоксиданттар көптеген жеміс-жидектер мен көкөністерде кездеседі. Соның ішінде, сіздің ағзаңыз бен ми жұмысы үшін пайдалы осы бір «супер» өнімдерді барынша тамақтану рационына қосуға тырысыңыз:

Жаңғақтар

Кешью – сіздің жадыңызға көмектесетін антиоксиданттармен толы.

Шикі бадам (миндаль) - E дәруменін көп мөлшерде қамтыған жалғыз жаңғақ және танымдық құлдырауды азайтуға септігін тигізеді.

Грек жаңғағы - бұл жаңғақтар когнитивті функцияны қолдаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын омега-3 май қышқылдарына толы.

Жемістер мен көкөністер

Алма –антиоксиданттарментолы.

Авокадо – омега-3 май қышқылдарына бай өнім.

Қаражидек– құрамында антиоксиданттар мен антоциандар бар. Антоцианиндер –қант диабетін алдын алуға көмектеседі.

Қырыққабат, шпинат және басқа да қара жапырақты көкөністер - бұл жапырақты көкөністер аурулардың алдын алуға және ағзаның қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге көмектесетін көптеген темір пен фитонутриенттерді қамтиды.

Тәтті картоп – құрамында талшықтар, фитонутриенттер және А дәрумені бар.

Сусындар

Су – мидың ылғалдануы үшін қажет және қозғалыс, сенсорлық пен когнитивті функцияларды біріктіре отырып, сол және оң миды қосатын ми денесінің функциясын қолдайды.

Жасыл шай – шайдың бұл түрі көптеген антиоксиданттарға, босаңсуға және концентрацияға ықпал ететін L-теанинге, соынмен қатар байлынысы сіздің метаболизміңізді арттыратын эпигаллокатехин галлаттарға толы.

Майлар, шөптер және дәмдеуіштер

Даршын (корица) – дәмдеуіштердің ішіндегі антиоксиданттарды ең көп қамтитыны көптеген.

Кокос майы – негізінен орташа тізбекті май қышқылдарынан тұрады және салмақты бақылау мен зат алмасуды жақсартуға көмектеседі.

Зәйтүн майы – бұл майдың түрі антиоксиданттар мен моноқанықпаған майларға бай. Сондай-ақ жүрек ауруларынан қорғайды.

Ет және жұмыртқа

Жұмыртқа – салмақты басқаруға көмектеседі және ақуыздың тамаша көзі болып табылады.

Ақсерке – омега-3 бай балық.

0 Пікір Кіру