Британдық дәрігерлер сиам егіздерін ажыратты   - на health.bugin.kz
Bugin.kz - на health.bugin.kz Bugin.kz

Операция сәтті аяқталды

Британдық хирургтер бастары қосылып кеткен пәкістандық сиам егіздерін екіге бөлу отасын сәтті аяқтағанын мәлім етті.

The Guardian газетінің жазуынша, 50 сағатқа созылған күрделі әрі көп сатылы ота Лондонның алдыңғы қатарлы балалар ауруханаларының бірінде жасалған. Бұған әртүрлі салалардың 100-ден астам маманы қатысты. Олардың қатарында кәсіби дәрігерлер мен биоинженерлер бар. Хайбер-Пахтунхва провинциясының Чарсадда қаласынан келген екі жасар Сафа мен Марва бас сүйектері қосылып туған, қан тарату жолдары да ортақ. Басылымда хабарланғандай, егіздерді ажырату туралы бағдарлама өткен жылдың соңында басталып, бірнеше кезеңмен өткізілген. 

Алғашқы ота 2018 жылдың қазан айында жасалды. Ол кезде қыздар небәрі 19 айлық болған. Екінші ота екі айдан кейін өткізілген. Алайда апалы-сіңлілі тек ақпан айында өткізілген жеті сағаттық отадан кейін ғана толықтай екіге ажыраған.

ҚазАқпарат

0 Пікір Кіру