Көзге зиян: Ешқашан линза  қолданбаңыз!  - на health.bugin.kz
Алашұлы - на health.bugin.kz Алашұлы

Қазіргі кезде көздің көру қабілетінің нашарлауына алып келетін көптеген факторлар бар

Көру қабілеті төмендеген кезде "адамдардың көпшілігін көзілдірік таққан жақсы ма әлде линза таққан артық па?" деген сұрақтар мазалайды. Көзілдірікпен салыстырғанда аса байқала бермейтін контактілі линза дұрыс деп саналғанмен, оның күтімі, тағып, қайта шешу барысындағы тазалықты сақтау өте маңызды.

Негізінде, көзілдірік киетін адамдардың көзі одан сайын нашарлайтын жағдай жиі кездеседі. Мұның себебі көзілдірік кие тұра адам жан-жағына басын бұрып қарайды, яғни көзде қозғалыс аз болғаннан, нашарлай береді. Демек, көзді қозғалту - нағыз жаттығу болып табылады. Ал линзаның бұл жерде өзіндік ерекшелігі бар.

Линза дәл көзде орналасатындықтан, адам жан-жағына басын бұрмай-ақ, көздерімен қарайды, яғни, көз оңға-солға, жоғары-төмен қарағанның арқасында жаттығып, кейде тіпті, соның нәтижесінде жақсарып та жатады.

Көзәйнекке қарағанда линза бейнені анығырақ етіп көрсетеді. Линза қарауға, қозғалуға кедергі келтірмейтіндіктен спорт түрлерімен  айналысу барысында көзілдірік секілді орнынан жылжып кетпейді. Тек жүзу спортында линзаны шешіп қойған жөн. Себебі офтальмолог мамандар көзіңізде линза бар болған жағдайда оған мүлдем су тигізбеуге кеңес береді.

Жаздағы  күннің сәулесі тікелей көзіңізге бағытталатындықтан, бұл мезгілде көзілдірігіңізді линзамен ауыстырған дұрыс. Көзәйнек жай ғана күн сәулесі көп түскенінен көзді сорып, нұрын құртып тастауы мүмкін.

Көзге  күн сәулесі шағылысқанда, әдетте көз жанарын кішірейтіп алып қараймыз. Бұлай қарау, ең алдымен, көзге салмақ. Ал линза таққанда  көру аппараты мен қарашықтың арасында ауаболмайды, тікелей көзге салынатындықтан бұл жағдайда көзге түсер салмақты жеңілдетеді.

Контактілі линза аса байқалмайтындықтан кез-келген  киіммен үйлесе береді. Көзілдірік киетін болсаңыз, одан өзіңіздің бетіңізге сәйкес келетін, келбетіңізге жарасатын түрін жақсылап таңдауыңыз қажет.

Контактілі линза көзілдірікке қарағанда көп күтімді қажет етеді. Бір алған көзілдірікті ұқыпты пайдалансаң, көзіңе кемінде, 1-2 жылға жетуі мүмкін. Ал линзаны мерзіміне байланысты үнемі жаңадан сатып алып отыру керек. Линзаны күнделікті белгіленген уақытынан артық тағып жүруге болмайды.

Сондай-ақ, міндетті түрде пайдалану мерзімінен ұзақ сақтауға болмайтынын ұмытпаңыз, яғни, егер ол айлық болса, отыз күннен артық тақпағаныңыз дұрыс.



0 Пікір Кіру