Лимон арықтауға көмектеседі - на health.bugin.kz
Айжан Омарова - на health.bugin.kz Айжан Омарова

Керек кеңес


Лимонның емдік қасиеті жөнінде бәріміз білеміз. Бірақ лимонның арықтауға арналған басты жеміс екендігін екінің бірі біле бермейді. Өйткені диетологтар тек соңғы уақытта ғана оны арықтауға пайдалануға болатын тағамдардың қатарына қосты.

Ал лимонды түймедақ (ромашка) тұнбасымен бірге қолдану ішек жұмысын ретке келтіреді, өтті айдайды, ішті босатады, соған сәйкес қалдықтар мен токсиндерді сыртқа шығарады. Сондай-ақ лимон С витаминіне бай болғандықтан, зат алмасуды қалпына келтіріп, ағзаны қуаттандырады. Тұнбаны күніне үш мәртеден ас алдында жарты стаканнан ішеді.

Лимон диетасы 10 күннен тұрады: оның саны 1-ден 5-ке дейін көбейіп, алтыншы күннен бастап 1 лимонға азаяды. Арықтауға арналған 10 күндік лимон диетасында 9-10 келі салмақ тастауға болады. Сонымен бірге бір күнді тек лимон арқылы өткізуге мүмкіндік бар. 3 лимон шырынына 3 литр қайнап суытылған су мен бір ас қасық бал қосып ішсеңіз, аштықты басады.

Арықтауға арналған лимон қосылған су ағзадағы қышқылды көтереді, бұл өз кезегінде кальцийдің тез сіңуіне әкеледі. Зерттеулер көрсеткендей, кальций ағзаға майды ыдыратуға және қуат алуға қажет. Сол себепті азғысы келетіндер кальцийді көп мөлшерде қабылдаса дұрыс болады. Бірақ кальций таблеткалары арқылы емес, құрамында протеині бар тағамдар арқылы пайдалануы керек. Лимон қосылған су сүт тағамдарындағы кальцийді сіңімді етеді, әрі тезірек майды ыдыратады.

 



0 Пікір Кіру