Айранды неге күнде ішу керек? - на health.bugin.kz
Айжан Омарова - на health.bugin.kz Айжан Омарова

Кеңес береміз

Кәдімгі айран ішектің жұмысын жақсы реттейді. Әсіресе, ішек инфекциясымен ауырған балалар үшін өте пайдалы. Сондай-ақ антибиотиктер қабылдағанда, оның ішектегі пайдалы бактерияларға теріс әсерін төмендетеді.

Айран ағзаны нәрлі заттармен және биологиялық белсенді элементтермен (витаминдер, амин қышқылы, пептидтер т.б.) толтырады. Сонымен бірге іш қату мен шаншудың да алдын алады. Қандағы холестериннің деңгейін төмендетеді. Тоқ ішек пен тік ішектегі ісік ауруларынан сақтандырады.

Иммунитетті көтеру арқылы айран аллергиялық реакциялардың төмендеуіне әсер етеді. Айран ақуыз бен кальцийдің қайнар көзі болып табылады, бұл сүйектерді нығайтады, сондай-ақ баланың өсуіне көмектеседі. Айта кету керек, айрандағы кальций сүтке қарағанда тез сіңімді келеді. Сондықтан айран қарт адамдарда жиі кездесетін остеопороздың алдын алуда таптырмас тағам болып табылады.


0 Пікір Кіру