Жаңа туған нәрестенің өліміне ана сүті себепші болды - на health.bugin.kz
Alisher - на health.bugin.kz Alisher

Сәбидің өлімі "Трамадол" дәрісі себеп болуы мүмкін

Ұлыбританиядағы Тинмут қаласының тұрғыны, жаңа босанған әйел жүктілік уақытында ауырсынуды басатын дәрі ішіп жүрген. Бұл дәрі жаңа туған нәрестенің өліміне себепші болуы мүмкін екен.

19 тамызда өткен сот отырысында 2018 жылы 30 қыркүйекте туғанына 5 күн ғана болған нәресте анасы қабылдап жүрген анальгетиктің кесірінен шетінеп кеткен болуы мүмкін деген үкім шығарылды. Жүктілік кезінде әйел дәрігерлердің нұсқауымен бел ауруын бәсеңдету үшін "Трамадол" дәрі-дәрмегін қабылдап жүрген.

Анасының айтуынша, ауырсынуды басатын дәріні ішкеннен кейін бала емізуді тоқтатқысы келген. Бірақ дәрігерлер препаратты ішуге ешқандай қарсы көрсетілім жоқ деп сендірген. Педиатр Питер Флеминг бұл іспен танысып шығып, "Трамадолдың" жаңадан шыққан дәрі екенін, сонымен қатар ол емізетін әйелдің сүтіне түсетінін және жаңа туған нәрестеге қауіпті екенін атап өтті.

- Жаңа туған баланың өлімі "Трамадол" дәрісінен болды деп ойлаймын. Жүктілік кезінде бұл дәріні қабылдамау керек, - дейді профессор Флеминг.

Сот-медицина сарапшысы Иэн Эрроу баланың өлімі "кенеттен" болған деген пікірде. Эрроу Флемингтің қорытындысын нәресте дүниеге келген перзентханаға жеткізетініне уәде берді.

Бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

0 Пікір Кіру