Биологиялық белсенді қоспаларды қолданасыз ба? - на health.bugin.kz
Казына - на health.bugin.kz Казына

Бад дегеніміз не?

Әлеуметтік желілерді аша қалсаңыз, иммунитетті жоғарылатып, денсаулықты жақсартатын немесе адамды жасартып, артық салмақтан тез арылуға көмектесетін түрлі емдік қасиеті бар биологиялық белсенді тағамдық қоспалар (БАД) туралы ақпараттарға қанық боласыз. 

Содан соң қызығушылық танытып, бұл заттар жайлы түрлі пікірлерді оқи отыра, соңында сатып алуға шешім қабылдайсыз. Бірақ биологиялық белсенді қоспалардың медициналық препараттардың қатарына жатпайтынын және дәрігердің рұқсатынсыз берілетінін ескеру қажет. Сондықтан да мұндай заттарды тұтынар алдында мейлінше абай болу қажет. Себебі кей жағдайларда биологиялық тағамдық белсенді қоспалар жарнама арқылы «оңай жолмен ақша табудың» негізгі көзіне де айналып жатады.  

Заманауи медицинаның көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқаны көпке мәлім. Сондықтан да, биологиялық белсенді қоспалардың қажеттілігі қазіргі медицинадағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Сонымен БАД дегеніміз не? Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар  тамақпен бір уақытта тұтынуға немесе тамақ өнімдерінің құрамына қосылатын табиғи биологиялық белсенді заттар. Көп жағдайда мұндай қоспалардың дәрі-дәрмектерден айырмашылығын ескере бермейді. Жалпы, биологиялық белсенді тағамдық қоспалардың негізгі қызметі – адам ағзасындағы қоректік заттардың, дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігін өтеу. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығындағы мәселелердің туындауы (топырақтың сарқылуы, жемістер мен көкөністердің пісуін тездетуге арналған көптеген химиялық заттардың қолданылуы) біз күнделікті өмірде тұтынатын тағамдардың құрамына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Химиялық прогрестің болғаны өте маңызды. Алайда, біз тұтынатын тағамдардың құрамының өзгерісі адам ағзасында дәрумендердің жетіспеушілігін тудырып,  адам ағзасында түрлі аурулардың пайда болуына әкеліп соқты. 

Мәліметтерге сүйенсек, Еуропада, Жапонияда, АҚШ-та халықтың 50-ден 90%-ға дейін тағамдық қоспаларды пайдаланады екен. Ал көрші Ресейде шамамен 30-38%-ы ғана қолданады. Көптеген биологиялық белсенді тағамдық қоспалар денсаулық сақтау және аурудың алдын алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген. 

Дәрігер-эндокринолог, медицина ғылымдарының кандидаты Р.Галимов бір сөзінде: «Бүгінгі таңда биологиялық белсенді тағамдық қоспалар тақырыбы – көптеген адамдар үшін өте маңызды. Мұндай тақырыпқа қызығушылық танытқан жандар мені қуантады. Себебі бұл қоспаларды пайдаланбас бұрын, ең алдымен, кішігірім зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Шын мәнісінде, табиғи өнім ретінде қабылданатын биологиялық белсенді қоспаларды ең алғаш АҚШ шамамен 1930 жылы шығара бастады. Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларында болған атом жарылыстарынан кейін тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы күрт төмендеп кетті. Нақтырақ айтсақ, 1961 жылы ерлерде 54, ал әйел адамдарда 56 жас болды. Жапония үкіметі арнайы зерттеулер жүргізіп, ғалымдар «Ұлтты құтқару» деп аталатын бағдарлама жасады. Қазіргі кезде кез келген жапондық жұмысқа қабылданар кезде қандай фирманың биологиялық белсенді тағамдық қоспаларын пайдаланатынын, өз денсаулығына қаншалықты мән беретінін айтуы қажет. Осы сұрақтарға жауап бере алмаса, онда жұмысқа қабылданбайды. Себебі мұндай маман жұмыс берушіге экономикалық негізде тиімсіз. Жапондықтардың өмір сүру жасы 50 жылда 80 жасқа дейін ұзарған. Бұл қазіргі кезде өте үлкен жетістік болып табылады», - деген болатын. 

Әрбір адам өз денсаулығына өте мұқият болып, ауырғаннан соң ем іздемей, ауырмаудың жолын қарастыру керек. Алайда, таяқтың екі ұшы бар екенін естен әсте шығармау өте маңызды. Елімізде осындай биологиялық қоспаларды пайдаланып, керісінше өз денсаулығының нашарлап кеткені жөнінде дабыл қаққан жандар аз болмаған. Сол себептен де мемлекеттік тіркеуден өткен, санитарлық - эпидемиологиялық басқару органдары бекіткен куәлігі бар биологиялық белсенді қоспаларды қолданған жөн.

Ал сіз БАД қолданасыз ба?


2 Пікір Кіру