Асыңыз дәмді болсын!

«Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы» демекші, қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен интернет иірімдерін ақтарып  қалсаңыз  болғаны  тіл үйірерлік түрлі дәмдінің жасалуы мен  жасаушысына куә болатынымыз жасырын дүние емес-ті. Жексенбінің таңын жақсы қарсы алудың тағы бір кереметі асықпай, баппен жасалған таңғы аста десек қателеспегендігіміз болар. Бүгінгі айдарымызда  таңдаулы дерлік 12 таңғы ас жөнінде айтпақпыз. Керек тұсын сызып, керек жерін жадыңызға сақтап алғайсыз.




Шоколадты құймақ.

Шоколадтан бас тарта ала алмайтындар үшін таптырмайтын таңғы ас.

Құрамы:

Ұн-3/4 стақан;

Қантсыз какао ұнтағы-80г;

Жұмыртқа-2 дана;

Айран-100 мл;

Сүт -100 мл;

Сарымай-40 г;

Зәйтүн майы-2 шәй қасық;

Қант;

Тұз.


Дайындалу тәсілі:

-          Жұмыртқаның сары уызын ақуздан ажыратып аламыз.  Ақуызды уақытша тоңазытқышқа салып, сарыуызын қант қосып миксерлейміз.

-          Сарыуызға алдын ала жібітілген сарымаймен какао ұнтағын қосып, сүт кейін айран одан соң шамасына қарай ұн қосып миксерлей береміз.

-          Ақуызға шымшым тұз қосып,көбігі басылып қалмайынша дайын болған шиколадты қамырға қосып араластырасыз.

-          Зәйтүн майына қыздырылған тапаға дайын болған  қоспаны 2 минуттан пісіріп шығамыз. Құймақ піскен соң ерітілген немесе үгітілген  шоколадпен қалауыңызға қарай сәндейсіз.




Құрма қосылған сұлы ботқасы.

Шынайы денсаулықтың кепілі ретінде қарастырылатын тағамдардың бірегейі- сұлы ботқасы. Бірнеше дәмді-дақылдар қоссаңыз болғаны тіл үйірерлік таңғы асқа ие боласыз.

          

Сізге қажетті заттар:

Сұлы жармасы-50 г;

Құрма-100 г;

Сүт -100 мл;

Су-100 мл;

Киноа -10 г;

Кептірілген физалис-10 г;

Асқабақ дәні-10 г;

Зығыр дәні-5 г;

Имбирь ұнтағы;

Кардамон;

Корица.


Дайындалу тәсілі:

-          Құрманы жұқа тілік ретінде турап шығып,орташа температурада құрғақ табада киноа мен асқабақ дәнін 3 минут қыздырып аламыз.

-          Тостағаншаға сүт пен суды құйып, сұлы жармасымен зығыр дәнін және  дәмдеуіштерді қосып орташа температурада 5 минут қайнатылады.

-          Дайын болған ботқаны тәрелкеге салып, өз талғамыңызға қарай кептірілген физалис, асқабақ дәнімен киноамен әсемдейміз. Таңғы ас дайын!




        Ванильді вафельдер

Егер арнайы  вафельницаңыз болатын болса, онда сізден асқан аспазшы жоқ десек артық айтпағандығымыз болар. Мерзіміне  қарай таңдай қақтырарлық жеміс-жидектерді қосып, вафельдеріңіздің сәні ретінде қолдансаңыз тіптен керемет. Сонымен қатар,шоколадты қоспа мен балқаймақтарды таңғы асыңызға серік етсеңіз сіздің таңғы асыңыздан артық ас бола қоймас.Ол үшін сізге қажетті дүниелер:

        

-          Сүт-170 мл;

-          Сары май-150 гр;

-          Ұн -150 гр;

-          Жұмыртқа ақуызы – 3 дана;

-          Ваналин, қант;

-          Жеміс-жидектер, бал,шоколад.

Дайындалу тәсілі:

-          Тостағанға сүтті жылытып, ванелин қосып, сары майды ерітеміз.  Қоспа дайын болған сәтте оттан түсіріп, көз шамасымен ұн салып араластырамыз.

-          Жұмыртқа ақуызын езіп, қант қосып көбігі көтерілгенше араластырамыз.Дайын болған қоспамен бірге қайтадан араластырамыз.

-          Вафельницаңызды майлап, дайын болған қоспаны ыдысқа құйып, 5-7 минут  уақыт аралығында пісіреміз.Таңғы асыңыз дайын! Асыңыз дәмді болсын!



Таңқурай, киноа мен ванильді йогурт ботқасы

Әдетте киноа  дақылын түскі не кешкі астарға көптеп пайдаланатындығы  кәсіби аспаздар үшін ақиқат жайт. Таңғы астында әрі мен сәнін ванильді  йогурт пен таңқурай араластырып жасауға болатындығын сіз бүгінгі рецепт арқылы көз жеткізе аласыз.Ол үшін сізге:


-          Киноа -1/2 стақан;

-          Миндаль қосылған сүт-1 стақан;

-          Миндаль-2 ас қасық ;

-          Ванильді йогурт-1/2 стақан;

-          Малина -1/2 стақан;

-          Тұз бен бал.


Енді дайындалу тәсіліне кіріссек:

-          Тостағаншаға киноа салып, миндаль қосылған сүтті қосып, шымшым тұз салып қайнатамыз. Оттың қызуын азайтып, 15 минут  қайнатып аламыз. Уақыт жеткен соң 5 минут қайнаған қоспаны суытып аламыз.

-          Осы уақыт аралығында құрғақ тапаға миндальды қуырып,суытып қоямыз.

-          Дайын болған қоспаларға ванильді йогурт қосып, қуырылған мендаль мен бал қосып жақсылап араластырамыз.

-          Соңғы  жұмыс өз талғамыңызға қарай таңқурай жидегін араластырып не бөлшектерге бөліп сәндеп таңғы аспен жақындарыңызды қуанта  беруіңізге әбден болады.




Сәбіз қосылған таңғы пудинг

Қазіргі таңда арнайы қорапшаларда не банкаларда дайындалып ұсынылатын тағам түрлерін кезіктере аламыз. Олардың ыдыстары тиімді, тағамы денсаулығыңызға әлбетте пайдалы болмақ. Осындай пайдалы тағам түрін яки таңғы астың бір түрін тағы да ұсынбақшымыз. Төменде көрсетілетін рецепт 2 адамға лайықталған.


Аталмыш таңғы астың құрамында:

-          Ванильді йогурт-1 стақан;

-          Сүт-1/2 стақан;

-          Мейіз-1/4 стақан;

-          Грек жаңғағы-1/4 стақан;

-          Үгітілген сәбіз-1/4 стақан;

-          Үйеңкі шәрбаты-2 шәй қасық;

-          Корица-1/2 шәй қасық;

-          Мускат жаңғағы-1/2 шәй қасық;

-          Зімбір тамыры-1 см;

-          Тұз;


         Дайындалу тәсілі:

-          Мейіз бен жаңғақтан басқа дақылдардың барлығын миксерлейміз;

-          Дайын болған қоспаны екі  ыдысқа бөліп, тоңазытқышқа бір түнге салып қоямыз.

-          Таңертең аталмыш ыдыстардың бетіне мейіз бен жаңғағымызды сеуіп, жақындарыңызды ерекше  таңғы аспен қуанта аласыз.


Администратор