Қазақстан онкологтары: Балалар қатерлі ісікке шалдықпас үшін екпе салу қажет - на health.bugin.kz
Plumeria - на health.bugin.kz Plumeria

Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққан 4000-нан аса әйел

Қазақстандық дәрігерлер қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың көбейіп бара жатқанына алаңдаулы.

- Шамамен, күніне екі әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады. Жатыр мойны обыры – бұл алдын алуға болатын жалғыз ауру. Оған екпе салса болды, мүлдем қауіпсіз. Бұл – адамда папиллома вирусының алдын алатын өлі бөлшектер. Тіпті, қазір бүкіл әлем ер балаларды да вакцинациялауға көшті,- деді ҚР ДСМ ҚазОРҒЗИ басқарма төрайымы Диляра Қайдарова.

- Ауруды тоқтатуға болады, тек ол үшін балаларға тегін вакцинация жасай бастау қажет, - деді еліміздің бас онкологы.

Жатыр мойны обырын ерте сатысында анықтауға болады. Содан кейін оны емдеу де оңай. Ең бастысы – гинекологта жүйелі тексерілу. 

Ең қорқынышты обырдың түрі - ол аналық бездің қатерлі ісігі. Аурудың симптомдары байқалмайды. Көбінесе, әбден асқынғанда анықталады. 

Ракты мұқият тексеруден кейін анықтауға, сонымен қатар бейімділік жағынан генетикалық анализді жасау арқылы анықтауға болады. 


0 Пікір Кіру