Сергелдеңге түсірген семіздік - на health.bugin.kz
Казына - на health.bugin.kz Казына

Артық салмақтың азабы

Әлемдегі 2 млрд адам семіздікке шалдыққан екен. Өкінішке орай, біздің елдің де адамдары семіздікке шалдыға бастады. Әсіресе, балалардың денсаулығы қауіп төндіруде. Еліміздегі әрбір 15-ші бала семіздіктің сергелдеңінде жүр. 

Әлем бойынша артық салмақтан ең көп зардап шегетін мемлекеттерге келесілер жатады екен:

1) Иордания - 44,6%

Иордания тұрғындары семіздікке шалдыққан елдер арасында бірінші орында. 1975 жылдан бастап аурулардың саны күрт өсті.

2) Сауд Арабиясы - 43,7%

Сауд Арабиясының консервативті мәдениеті әйелдердің физикалық белсенділігінің төмендеуіне көп əсер етті.

3) Басқа мұсылман елдеріндегі сияқты Египетте де семіздік проблемасы бар, бұл әсіресе, әйелдерге қатысты.

Көптеген мысырлықтар тез тамақтану мен қантты сусындарға немқұрайлы қарамайды, бұл денсаулыққа үлкен зиянын тигізіп, елдегі семіздік деңгейінің жоғарылауына негіз болды.

Таяу Шығыстағы басқа елдерде де әйелдердің көп бөлігі бұл ауруға шалдыққан.  Мұның себебі қарапайым: араб елдерінде әйелдердің белсенді өмір салты құпталмайды.

4) Түркия - 40,7%

15 жасқа толған Түркияның әрбір бесінші тұрғыны семіздікке шалдыққан.

5) АҚШ - 38,2%

Жалпы алғанда, әрбір екінші американдық артық салмақтан азап шегеді.

Семіздік - тері астындағы тіндерге майдың шамадан тыс жиналуымен сипатталатын ауру. Ғалымдардың есептеуінше, артық салмақтың пайда болуының негізгі себептерінің бірі-қалқанша безінің қызметінің бұзылуы және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы. Əдетте семіздікке шалдыққан адамдарда жүрек тұсының шаншуы, тердің шамадан тыс көп бөлінуі, немқұрайлылық, ұйқышылдық, тез шаршау, бас ауыруы және айналуы, іш қатуы, тамаққа тəбеттің жоғарылауы сияқты белгілер айқын байқалады. Сонымен қатар май тіндері іште, кеудеде, мойын мен арқада көп жиналады. Жүрек-қан тамырлары аурулары қалыпты дене салмағындағы адамдарға қарағанда артық салмақтан зардап шегушілер арасында 2 есе көп кездеседі. 

Тіпті, тыныс алу мүшелерінің қызметінің бұзылуы тыныс жеткіліксіздігінің әсерінен болады. Артық салмақтан өкпе сыйымдылығы тарылып, ағзаға оттегінің жетіспеушілігі байқалады. Осы сәтте кез-келген физикалық жүктеме кезінде əлсіреп, ентігу пайда болады. Мұндай адамдардың арасында бронхит, пневмония сияқты ауруларды, сонымен қатар гастроптоз, кейде гастритті де жиі кездестіруге болады. Артық салмақ барлық ағзаның қызметін тоқыратады. Соның дəлелі бауыр май инфильтрациясының төмендігіне байланысты үлкейеді.  Көбінесе холецистит, холангит, бауыр-өт жолдары аурулары семіздіктің салдарынан туады.  Жүйке жүйесі қызметінің өзгеруі ұйқысыздық, бас аурулары, есте сақтау қабілетінің төмендеуі секілді белгілер арқылы білінеді. Семіздікке шалдыққандардың арасында "пикквикия синдромы" көп кездеседі. Бұл синдромның белгісі-артық салмақ əсерінен тыныс алу мүшелерінің қызметі төмендейді. Әсіресе, ұйқы кезіндегі қорылдың пайда болуымен түсіндіріледі.

Профилактика. Семіздіктің алдын-алу үшін рационалды тамақтану жүйесі (көмірсулар мен майлылығы жоғары тағамдарды азайту,ақуызға бай тағамдарды пайдалану) маңызды. Физикалық жаттығуларды күнделікті жасаудың да қажеттігі зор.

Емдеу. Семіздіктен құтылғыңыз келсе, өмір бойы диета сақтау қажет.  Дене салмағын 1-2 аптада 1 реттен кем емес өлшеп тұру керек. Дəрігердің диетаны адамның бойына, дене салмағына, жасы мен жынысына қарап нақтылап, белгілеп беру-артық салмақтан арылудың алғышарты.  Егер, жүректің ишемиялық және гипертониялық аурулары, сонымен қатар зоб ауруы болмаса диетамен қоса арнайы дәрілерді  (мефолин, фепранон, дезопимон, мирапронт, т.б) Әйел адамдарға жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Жоғарыда көрсетілген дəрілер тек барлық медициналық тексерістен өтіп, дəрігердің қабылдауымен ғана босатылады.



0 Пікір Кіру