Ұйқы кезінде есте сақтау қабілетін жақсарту мүмкін бе?  - на health.bugin.kz
Olzhas Mahanbet - на health.bugin.kz Olzhas Mahanbet

Ұйқы кереметі

Ұйқы кезінде есте сақтау қабілетін жақсарту мүмкін бе?   

Олдоус Хакслидің «Brave New World» романында бала ағылшынша білмесе де сол тілдегі дәрістің әр сөзін есінде сақтайды. Себебі бала ұйықтап жатқанда лекция тыңдалатын радио таратыла бастайды. Оянғанда ол барлық материалды қайталай алатын боп шығады.

Ұйқы кезінде оқып жаттығу ежелгі тарихта, әдебиетте және поп-мәдениетте бірнеше рет кездеседі. Мысалға, Dexter's Lab анимациялық сериясының бас кейіпкері Декстерді алайық. Эпизодтардың бірінде ол үй тапсырмасын уақытында аяқтамайды. Сондықтан ол бір түнде француз тілінде сөйлеуге үйренуге мүмкіндік беретін құрылғыны ойлап тапты. Келесі күні оянғанда, Декстер француз тілінен басқа тілде сөйлей алмайтындығын түсінеді.

Ұйқы уақытында оқу идеясы қазіргі заманғы өнертабыс емес. Бұл тибет монахтарының ғасырлар бойғы тәжірибесінде бар: ұйқы кезінде сыбырлаған хабарламалар монахтың түсінде болып жатқан оқиғалар елесіне айналады-мыс.

Ұйқы ұзақ уақытқа дейін жұмбақ құбылыс болғандығы себепті адамдар оны зерттей алмады. Ұйқыдағы ми белсенді емес, оны үйренуге болмайды деп сенді. Бірақ ми ұйқы кезінде белсенділікті сақтайтындығы анықталды. 

Бұл естеліктерді сақтауға  да көмектеседі. Жадтың бақыланатын реактивтілігі бар эксперименттердің көмегімен түнде ұйқы арқылы оқудың қалай жақсаратындығы зерттелді. Болашақта ұйқыға байланысты мәселелерді шешуге, түнгі ұйқысыздықтан арылуға және армандарды басқаруға үйрену үшін осы зерттеулерді кеңейтуге мүмкіндік алуға сенім мол екен.


0 Пікір Кіру