Инемен емдеу  («Алтын Ине») - на health.bugin.kz
serikbai - на health.bugin.kz serikbai

Дәрісіз ем

Емнің бұл түрі Шығыс елдерінде (Қытай, Индия, Корей, Виетнам және т.б.) ауруға дәрісіз шипа ретінде кең тараған. Қазіргі медицинада да сан алуан кеселдерді емдеуге қосымша, кейде жалғыз әдіс ретінде қолданылады. Ем кезінде акупунктура нүктелері деп аталатын адамның денесіндегі белгілі бір белсенді нүктелерге арнайы инелер салынады. Бұл емді рұқсат куәлігі бар рефлексотерапевт дәрігердің жүргізуі тиіс.

Қытай философиясына сәйкес адамның тәнінде қуат тарататын және көзге көрінбейтін қуат каналдары болады. Ал акупунктура нүктелеріне ине салу арқылы бұл каналдарға мақсатты түрде әсер етіледі. Соның нәтижесінде ауру бұзған қуат тепе-теңдігі қалыпқа келеді және науқас дертінен айығады.

Инемен емделу кезінде мыналардың есте болғаны жөн:

* алкогольді ішімдікті (арақ, сыра) мүлдем ішуге болмайды;

* дәмі ащы және аса майлы тамақ жемеу қажет;

* ванна қабылдауға, суда жүзуге тиым салынады (суықтан сақтану керек);

* ауыр дене жұмысымен айналыспау;

* әйелдер етеккірдің келуі туралы дәрігерге айтуы тиіс.

Инемен емдеу 20-40 минут уақыт алады. «Алтын ине» емі кейде ресми медицина бас тартқан сырқаттарды да емдейді. Ине денеге енгенде елеусіздеу ауыру сезімі пайда болады. Бірақ ол әр адамның ауыруды сезінуіне байланысты. Ине денеде тұрғанда адам рахат күйге енеді. Аса жайсыздық болса, ол жөнінде дәрігерге айту керек.

Инемен емдеу жақсы көмектесетін аурулардың негізгі түрлері:

* нервтік жүйенің барлық кеселдері;

* бас ауру, оның ішінде сақина;

* омыртқа, буын, бұлшықет дерттері;

* торығу, жүйке тозу, ұйқы бұзылысы;

* бронхиалды астма;

* гинекологиялық кеселдер;

* инсульт зардаптары;

* аллергия;

* сексуалдық бұзылыстар;

* қан қысымының артуы немесе төмендеуі;

* баланың сал ауруы және т.б.

 

Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ,

рефлексотерапевт-дәрігер

Арал қаласы,

Қызылорда облысы. 

0 Пікір Кіру