Болай тауына 50 мың түп шырша отырғызылды - на health.bugin.kz
Гаухар Бердiбек - на health.bugin.kz Гаухар Бердiбек

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру

Алатауда эстрада жұлдыздары мен мегаполис әкімінің қатысуымен Jasyl Almaty акциясы өтті.

Көгалдандыру науқанына қоғамдық ұйымдар, еріктілер мен жастар қатысты.

- Бүгін Мохнатка тауының баурайында Шренка шыршасының 50 мың түп көшетін отырғызамыз. Бұл арқылы біз жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, қоршаған ортаны аялауға баулимыз, - деп жазды Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасына.

Бұл шыршалар бой алып, тамыры тереңдегенше арнайы мамандардың күтімінде болады. Ұйымдастырушылар, осылайша, алып Алатаудың бөктерін қалың орманға айналдыруды мақсат етіп отыр. 




0 Пікір Кіру