Дәрісіз ем: Хижаманың ғылыми негіздері - на health.bugin.kz
serikbai - на health.bugin.kz serikbai

Дәрісіз ем

Ал-хижама (Cupping Therapy) тәсіліне қатысты ғылыми аспекттердің кейбірі мынадай:

Доктор Насир Салехтің айтуынша – ал-хижама (купирлеуші терапия) – аммиакпен бірге болатын нитраттардың энтерогепатикалық метаболизмінде адамдарда пайда болатын нитраттар токситін сорып алу процесі. Мұндағы нитрат аралық өнім болып табылады. Нитриттер гемоглобиндегі темір атомын екі валенттілік темірден (Ғе 2++) үш валенттілік темірге (Ғе 3+++) дейін тотықтырады.

Египет дәрігері д-р Сахбаа Cupping пациенттердің клиникалық жағдайын, әсіресе визуалды-аналогтық ауыру шкаласын елеулі жақсартады, дерт белсенділігінің лабораториялық маркерлерін айтарлықтай төмендетеді және иммундық торшалық жағдайларды, атап айтқанда NK-торшалардың туа бітті иммундық жауабын және адаптивтік торшалық SIL-2 K иммундық жауабын моделдейді деп жазды.

Осаки университетінің докторы Катазе хижаманың (купингтің) қан құрамына әсер ететінін мәлімдеді. Өйткені ол қызыл және ақ қан торшаларын көбейтеді және қышқыл қанды сілтілік немесе бейтарап (нейтралды) қанға айналдырады. Бұл өз кезегінде оның тазаруына жетелейді. Хижама сондай-ақ организмді қабыну шақыратын қордаланып қалған тітіркендіргіштерден тазартады.

Британиялық медициналық журналдың 1924 жылғы 23 ақпандағы санында д-р Роберт Дж. Саймонс (French) хижама төмендегідей себептерге байланысты қазіргі заманғы терапияда лайықты орын иеленуі тиіс деген тұжырымға келді.

Хижама орындалғаннан соң біз терінің түсінің анық қызғылттан қоңыр-қызғылтқа дейін өзгеретінін байқаймыз (денедегі капиллярлардан қанның экстравазациясына байланысты). Бұл тереңде жатқан қан тіндерінің ыдырауын, қызыл түйршіктердің жарылып, антитоксиндердің бөлінуін білдіреді. Одан бөлек, біз пациентке инфекциялық патогендерге қарсы тұруға ерік беретін кең жайылған полинуклеозды байқаймыз.

Хирургияда хижама (купирлеу) терең орналасқан абсцесстерді, сыздауықтарды (фурункулдерді) және тілгеннен кейінгі сібір ойық жарасын емдеуге қолданылады. Мұның бәрі жараның ауырсынусыз және тез жазылуына мүмкіндік береді.

Баламалы (алтернативті) медицинаның 2007 жылғы интернет-журналында (том 4, №1) купирлеу терапиясы иммундық жүйені ынталандыру немесе белсенді ету (1); энкефалинді секреттеу (2); нейротрансмиттерлердің еркіндікке шығуы (3); орталық нерв жүйесіндегі ауыруларды емдеу (4); вазоконстрикция мен қан тамырды кеңейту (5) жолымен жұмыс істейді деген тұжырым айтылған (NIH Consensus Development Panel, 1998).

Ақыр соңында купирлеу нүктелерін ынталандыру ауырған тұстардың арта түскен импулстер тасқынында қалып, нәтижесінде ауыруды білдіретін қақпаның жабылуына және ауырудың азаюына жетелейді деп есептеледі

(Oumeish,1998;Cad well,1998).

American Journal of Chinese Medicine журналы (Vol.36, №1 42 бет) ылғалды купирлеу механизмінде нерв жүйесінің, гематология мен иммундық жүйенің функциясына әсер ету бар жазған.

Нейрондық жүйедегі негізгі эффект серотонин (тромбоциттердегі), допамин, эндорфин, CGRP (калцийтониногенмен байланысқан пептид) және ацетилхолин сияқты нейротрансмиттерлер мен гормондардың реттелуінен болуы ықтимал. Одан басқа ылғалды хижама нейрондық торшалардың теріс зарядына әсер ететін болуы керек.

Гематологиялық жүйеде негізгі эффекттің олардан кейін ағзаларға (органдарға) қан ағуы артатын және оттегімен молығатын (оксигенация) екі жол арқылы жүзеге асуы мүмкін: а) коагуляция мен антикогауляциялық жүйелердің реттелуі (мысалы, фибриноген сияқты гематологиялық элемент деңгейінің төмендеуі) және б) HCT (гематокриттің төмендеуі).

Иммундық жүйедегі негізгі эффект үш жол арқылы жүзеге асатын сияқты:

а) одан әрі комплементарлық жүйенің белсенді болуымен және интерферон мен TNF-ның (өскінді некротирлеу факторы) бірге жергілікті жасанды қабыну жолымен иммундық жүйені тітіркендіру;

б) айырша безге (тимусқа) әсер ету;

с) лимфаның қозғалысын бақылау және лимфатикалық тамырлардағы лимфаның ағынын арттыру.


Фотосурет өз клиникалық бақылауым.


Дереккөз: Dr. Sohal Zafar MBBS (KEMS) DOMS




Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ,

ине рефлекстік терапевт-дәрігер,

Арал қаласы,


Қызылорда облысы

0 Пікір Кіру