ДДҰ: Әлемде 2,2 млрд адамның көзі ауырады, неге? - на health.bugin.kz
Plumeria - на health.bugin.kz Plumeria

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алғаш рет көз аурулары жайлы баяндама жариялады

Әлемде кемінде 2,2 миллиард адамның көзі ауырады. Олардың 1 миллиардтан астамы - дер кезінде емделмеудің кесірінен ауруға шалдыққандар. Әрі көзі ауыратын адамдардың саны жыл сайын өсіп барады. 

Бұған бір жағынан адамдардың да, екінші жағынан медициналық мекемелердің де кінәсі бар. Яғни, адамдардың көпшілігі өмір сүру дағдысы мен салтын өзгертуге, денсаулығына қарауға мән бермейді. Соның кесірінен ауыруын асқындырып алады. 

Ал медициналық мекемелердің кінәсі офтальмологиялық көмекті дұрыс ұйымдастырмауы. Кейде елдерде көз дәрігерлері жоқтың қасы. Әлем халықтары қартайып барады, сондықтан да зағип жандар көбейіп кетті. 

- Көз ауруы - жиі тараған ауру. Көбі емделмей қалады. Өйткені офтальмологтың қызметі кейде елде қымбат, қарапайым азаматтардың қалтасы көтере бермейді. Мұндай мемлекеттер офтальмологтың қызметін базалық медициналық қызмет көрсету пакеттеріне қосуы, ұлттық жоспарға бекітуі тиіс, – деді ДДҰ бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус.

Оның айтуынша, әлемде бүгінгі күні 65 млн адам соқыр немесе катарактаның салдарынан нашар көрсе, ал 800 млн.-ға жуық адамның көзілдірік сатып алуға жағдайлары келмейді.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, жақыннан немесе алыстан көру қабілетінің бұзылуынан зардап шегетін 1 млрд адамға көмек көрсету үшін 14,3 млрд АҚШ доллары қажет.

informburo.kz 


0 Пікір Кіру