Бет қисаюдың емі қандай? - на health.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на health.bugin.kz Марғұлан Ақан

Медицина

Жақ-бет аймағында кездесетін нерв жүйесі дерттерін нейростоматологиялық дерттер деп, ал оны зерттейтін медицина ғылымының саласын нейростоматология деп атайды. Бұрынғы кезде нервтің қабынуы неврит кеселінен туындайды деп тұжырымдалса, соңғы уақытта бұл пікір түбегейлі өзгеріске ұшырап, нервтің мұндай аурулары невропатия деп аталады.

Жақ-бет аймағында кездесетін нерв жүйесі дерттерін нейростоматологиялық дерттер деп, ал оны зерттейтін медицина ғылымының саласын нейростоматология деп атайды. Бұрынғы кезде нервтің қабынуы неврит кеселінен туындайды деп тұжырымдалса, соңғы уақытта бұл пікір түбегейлі өзгеріске ұшырап, нервтің мұндай аурулары невропатия деп аталады. Бет нервісінің салдануының себептері әртүрлі болып келеді.

1. Бет нервісінің салдануы басты бір себебі инсульт болып табылады. Инсультте дененің бір бөлігі тұтастай жұмыс істеу қабілетін жоғалтады.

2. Беттің бұлшық еттеріне сигналдар беретін ми бөлігінің зақымдануы немесе ісінуі.

3. Бел параличінен бет нервісінің невриті орын алады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының деректері бойынша бел салдануы ең көп тараған мононевропатия (бір нервтің кеселге ұшырауы). 100 000 тұрғында мұндай 13-24 невропатия ұшырасады. Кездесу жиілігі ерлер мен әйелдер арасында бірдей деңгейде.

Аталған кеселде бас сүйек нервтерінің 7-ші жұбы зақымданады. 4. Бет бұлшық еттерінің қимылын бақылайтын бет нервісінің қабыну жағдайы. 5. Мидың ісігіне байланысты болатын бет нервісінің салдануы әдетте, баяу дамиды. Аурудың симптомдарына бас ауруы, құрысу немесе естімей қалу жатады. 6. Мидың немесе қоршаған тіндердің инфекциясы 7. Лайм ауруы (кенелік инфекциялардың ішінде ең көп таралған ауру) 8. Саркоидоз (тыныс алу мүшелерінде кездесетін жүйелі ауру) 9. Бет нервісін қысатын ісік. 10.Стоматологтың тәжірибесінде бет нервісінің әртүрлі зақымдануы жиі кездеседі. Әсіресе оның жарақаттанып зақымдануы, бүтіндігінің бұзылмай зақымдануы жиі байқалады. Нәтижесінде мимикалық бұлшықеттердің салдануы мен парезі түрінде қимыл бұзылыстары пайда болады. Беттің бір жағындағы бірнеше немесе барлық мимикалық бұлшық еттердің қимыл қызметінің бұзылысы орын алғанда бет нервісінің салдануы (параличі) туралы айтылады. Санамалап отырсақ бет нервісінің салдануына себеп өте көп екен. Бет нервісінің бірінші салдануы ангина, тұмау, нерв қызметінің бұзылуы және ортаңғы құлақтың іріңді қабынуы т. б. аурулардың нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайдың ақыры жақсы, 1-3 апта мөлшерінде жалғасады да таралып кетеді. Көп жағдайда белгісі көзге анық көрінбегендіктен, оған көп адамдар аса қатты мән бермейді. Ал екінші реттік бет невриті орын алғанда оның салдарынан бет бұлшық еттері мүлде қозғалысқа келмей, қисайып қалады.

Дерт белгілері

Бет невропатиясында сезіну ауытқулары маңызды болғанымен, науқас адамдарды бұл емес, қимыл бұзылулары көбірек мазалайды. Езу төмен түсіп, бет қисаюы (ассимметриясы) пайда болады (өйткені кеселденген бұлшық етке қарама-қарсы жақ өзіне қарай тартады). Беттің зақымдалған жағындағы барлық тері қатпарлары, әсіресе мұрынеріндік және маңдай қатпарлары тегістеледі. Бұл тұс үрленгендей болып көрінеді (желкен симптомы). Науқас адамның көзі толық жұмылмайды. Бұл белгі лагофтальм – қоян көз деп аталады. Көз алмасы жоғары және сыртқа жылжиды, жабылмаған көз тесігінен склера көрінеді (Белл симптомы). Сырқаттанған бет бөлігінде ауызды ашу, маңдайды тыжырту, қасты керу нашар жүзеге асады. Қатты асты шайнағанда ол қызыл иек пен жақ арасында қалып қояды, ал сұйық тамақ езуден сыртқа кері ағады. Сырқат адам ысқырып, түкіре алмайды. Бұл дерттің кейде 1 ай немесе 1 жылдан соң сол орынында қайталауы мүмкін.

Дәрігерлік тексеріс

Сондықтан барлық жағдайда бетте әлсіздік немесе салдануды сезе бастағаннан-ақ дәрігерге көріну керек. Бұл симптомдар күшті бас ауыруымен немесе көрмей қалумен қосарланса, шұғыл медициналық көмекке жүгініңіз. Дәрігер тексеріп қараған кезде науқас бетінің екі жағында да зақым бар-жоқтығын тексереді. Инфекциялық аурулар немесе дене жарақаттары болғанболмағандығын міндетті түрде сұрауы керек. Сүйек сынығынан не басқа жарақаттанудан пайда болған невриттерді тексерген уақытта олар сүйек арасында қысылып қалғандығын анықтау қажет. Сілекей, көз жас ағуы, бас ауруы, құрысу, көрудегі мәселелер, әлсіздік немесе салдану сияқты симптомдар туралы жан-жақты сұрақ-жауап орын алады. Мұның бәрі дұрыс диагноз қойып, емді нәтижелі жүргізу үшін басты шарт.

Қажетті лабораториялық тексерістер

Қан талдауы, оның ішінде, қандағы глюкозаны анықтау, қанның жалпы талдауы, эритроциттердің шөгу жылдамдығы (СОЭ), Лайм ауруына тест. Мидың компьютерлік томографиясы (КТ) Электромиография Мидың магниттік-резонанстық томографиясы (МРТ) Науқас физиотерапевттен, инетерапевттен, логопедтен кешенді ем алса тез сауығады. Бет нервісінің невриті 1 жылдан асып кетсе беттің сыртқы түрін жақсарту үшін пластикалық хирургия ұсынылуы мүмкін.

Бет қисаюдың басты емі

Емдеу аурудың туындау себебіне байланысты әртүрлі болып келеді. Кенеттен беті қисайып қалған науқастар алғашында ауру себебін білмей, дәрігерге жүгінуден бұрын төсекте жатып қайта-қайта терең дем алуы керек. Қисайған жақты өзі қолымен үздіксіз ақырындап уқалап, құрысу сезімі тоқтағанша жалғастыру қажет. Шығыс-Тибет емі бойынша ең алдымен науқасқа диагноз қойылып, ем тағайындалады. Бет бұлшық еттерін бастапқы қалпына келтіру үшін ең басты ем – ине терапеясы болып табылады. Ине шаншу кезінде пайда болатын биоэлектрлік ток резонанс тудыра отырып емдік әсер етеді. Яғни, бет бұлшық еттері қисайғанда қысылып қалған нервтік жасушаларды қайтадан тірілтіп, оятып, бұрынғы қызметіне қосады. Одан бөлек емдік массаж, емдік дене шынықтыру, физиотерапевтік процедуралар, тибеттік шөп дәрілерді пайдалану ем барысын жылдамдата түседі. Жалпы невропатиялардың емінде сәл ғана айырмашылықтар болғанымен көбінде принципі бірдей. Емдеуші дәрігердің үйдегі күтім туралы ұсыныстарын орындап емге науқас адамның өзі де үлес қосады.

Бет невритінде ине қойылатын нүктелер

І. Асқазан меридианы

Е-2. Сы-бай – көз қарашығынан 1 цунь төмен

E-1 чэн-ци нүктесінен 1 см төмен.

Е-4. Ди-цан – ауыз бұрышынан 1 см сыртқа қарай.

Е-6. Цзя-чэ – астыңғы жақ сүйегінің бұрышынан алдына және жоғары қарай.

Е-7. Ся-гуань-төменгі жақтың буынның өсіндісінен алдынан және төменгі ойығында.

Е-36. Цзу-сань-ли – тізе буынынан төмен 3 цунь үлкен жіліншік сүйек қырынан 1,5 цунь.

ІІ. Өт қабы меридиан

VB-1 Тун- цзы –ляо көздің сыртқы бұрышынан 0,5см сыртқа.

VB-2 Тин-хуэй – құлақ бүр - тігінен алдына және төмен қарай шұңқырда.

VB-14. Ян-бай – қос ортасынан 1 цунь жоғары.

VB-15. Тоу-лин-ци – бастың алдыңғы шаш өсу оймағынан жоғары 0,5 цунь, көздің тура қараған қарашығына вертикальді сызық бойында.

VB-20. Фэн-чи – бастың артқы шаш өсу аймағынан 1 цунь жоғары, ортаңғы бас сызығы мен емізік тәрізді өсіндінің ортасында.

III. Дененің үш жылытқыш меридианы

TR-17. И-фэн – құлақ сырғалығының артқы шұңқырында емізік тәрізді өсінді мен төменгі жақ сүйегінің жоғарғы тармағының ортасында.

TR-23. Сы-чжу кун – қастың ұшындағы шұңқырында орналасқан.

IV. Ащы ішек меридианы

IG-19. Тин-гун – құлақтың бүртігі мен төменгі жақ сүйегінің арасында, аузын ашқан кезде шұңқыр байқалады. 

V. Артқы ортаңғы меридианы

T-20. Бай-хуэй – екі құлақ ұшынан жүргізілген сызықпен төбедегі ортаңғы сызықтың қосылған нүктесі.

Т-25 Су-ляо-мұрын ұшында.

VI. Тоқ ішек меридианы

GI-4 . Хэ-гу – қол басының сыртқы жағынан I және II саусақ сүйектерінің ортасында, шыбық сүйек жағына жақындау.

GI-10 Шоу-сань-ли-цюйчи (GI11)нүктесінен 2 цунь төмен.

GI-19 Хэ-ляо-мұрын қанаты мен жоғарғы еріннің шетін қиятын сызықтың ортасы.

VII. Меридианнан тыс нүкте

РС-3 Инь-тан – бастың ортаңғы сызықта, екі қастың ортасында.

РС-7 Юй-вэй-көздің сыртқы бұрышынан 0,1цунь сыртқа.

Дереккөз: Жас Ай журналы 

 

 

0 Пікір Кіру