Ересек адамның миын қалай жетілдіруге болады?  - на health.bugin.kz
Guldana Mukhtarbek - на health.bugin.kz Guldana Mukhtarbek

Ми өзгерсе, адам да өзгереді

Біз жылдар бойы адамның бала кезде қалыптасқан миы ержеткен кезде өзгермейді деп ойлап келдік. Алайда соңғы зерттеулер оны пластикалық полимер сияқты созып, илеп, қажетті пішін бере алатынымызды дәлелдеді. Ми өзгермейтін сұр зат емес, ол әлдеқайда әмбебап әрі иілгіш қасиетке ие, бірегей ағза.

Барлығы 1997 жылы шведтік нейробиолог Питер Эриксонның ересек адамның миы жаңа нейрондар «өндіре» алады деген жаңалығынан басталды. Жоғарыда айтылғандай, адам қартайған сайын нейрондары да өледі және қалпына келтіру мүмкін емес деген пікір жоққа шығарылды. Эриксонның бұл жаңалығы ғылымдағы жаңа сала –нейропластиканың дамуына жол ашты.

Сонымен, жаңа нейрондарды қалай өсіруге болады? Адам үнемі сыртта болып жатқан оқиғалардың әсерін сезеді. Егер сіз бір іспен үнемі шұғылданатын болсаңыз, мида сол қабілетке арналған жаңа нейрондық жол пайда болады. Жаңадан үйренген қабілетіңізді қайталай беретін болсаңыз, нейрондық жолдар қатайып, онда миелин бөлініп, электрлік импульстердің өтуін тездетеді. Мысалы, сіз шет тілін үйренуге бастасаңыз мида жаңа нейрондық байланыстар пайда болады да, тілді тереңдеп оқып, практикаға енгізген сайын, нейрондық жолдар кеңейіп, үйренгеніңізді ұмытпайтын деңгейге жетесіз.

Бір қызығы, нейрондық жолдар бір-бірімен бәсекеге түсіп, қолданылмаған нейрондар өліп қалады екен. Сондықтан үйренген нәрсені де ұмытпай қайталап отыру маңызды. Жаңа нейрондардың қалыптасуы тек қана тіл үйрену сияқты біліми мәселелерде ғана емес, адамның мінез құлқы да өзгереді деген сөз. Егер адам мінезін өзгерту мақсатында белгілі бағытта әрекет ететін болса, көп ұзамай миындағы жаңа нейрондық жолдар тереңдеп, көп ұзамай  мінезінде де өзгерсітер пайда болады.

Абай атамыз айтқандай, «Егер менің қолымда закон болғанда, адам өзгермейді деп айтқандарды жазалайтын едім». Сондықтан өзімізді өзгерткіміз келсе, миымызда жаңа нейрондар қалыптастыруға тырысуымыз керек екен...


0 Пікір Кіру