Орталық нерв жүйелерінің зақымдануы: Газдалған сусыннан келер қауіп қандай? - на health.bugin.kz
Ақмарал Берекет - на health.bugin.kz Ақмарал Берекет

Тәтті және газдалған сусындардың қауіптілігі анықталды

Америкалық академияның невролог мамандары әртүрлі тәтті және газдалған сусындарды пайдаланудың соңы шашыраңқы склерозға әкеледі деп түсіндірді. Бұл – орталық нерв жүйесі зақымданатын кең таралған аутоимунды ауру. Жаңа ақпарат туралы "EurekAlert" пресс-релизінде хабарлады.

Зерттеу жұмысына шашыраңқы склерозға шалдыққан 135 адам қатысты. Олар жейтін тамақтарына байланысты сауалнамаға жауап берді. Ғалымдар қатысушылардың тамақты пайдалануының қаншалықты Dash ұсынған диетаға сәйкес екендігіне баға берді. Dash ұсынған тағамдар тізімінде жеміс-жидектер, майлы емес сүт тағамдары, ет, тауық еті, балық, сонымен қатар орехтер бар.

Мамандар қатысушылардың инвалид болу қаупі туралы да ескертті. Олардың тамақ жеу рационына қарап, инвалидтікті 10 балдық шкаламен де көрсетті. Сәйкесінше, 30 адамның инвалидтіктен зардап шегетіні белгілі болды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі газировканы сирек ішкен адамдарға қарағанда оны жиі пайдаланатын адамдардың инвалид болу қаупі бар екенін көрсетті.
Бұл аурудан емделудің жолы әлі күнге дейін белгісіз. Жалпы осы шашыраңқы склерозбен ауыратын адамдар басқа дені сау адамдарға қарағанда 5-10 жылға кем өмір сүреді.

Ал сіз газдалған тәтті сусындарды қаншалықты жиі тұтынасыз?


0 Пікір Кіру