Үндістанда ауаның ластануы қауіпті деңгейге жетті - на health.bugin.kz
Plumeria - на health.bugin.kz Plumeria

Авиарейстер тоқтап қалды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкпенің қатерлі ісігі, инсульт және жүрек ауруынан болатын өлімнің үштен бірі ауаның ластануымен байланысты екендігін атап өтті.

Үндістанда ауаның ластануы өте қауіпті деңгейге жетті және тыныс жолдарының инфекциясын тудыруы мүмкін. Бұл туралы 4 қарашада BBC жазады.

3 қарашада көрінудің нашар болуына байланысты 30-дан астам рейс тоқтатылды. Сондай-ақ, тақ және жұп сандары бар автомобильдерді белгілі бір күндері жүргізуге мүмкіндік беретін ережелер күшіне енді. Бұл шара ауаның ластануымен күресу үшін жолдағы көлік құралдарының санын азайтуға бағытталған.

Үндістан астанасы Делиде мектептер 5 қарашаға дейін жабылды. Өңірлерде құрылыстар да тоқтап қалған.

Денсаулық сақтау министрі Сагатдар Джайн Дели тұрғындарын таза ауада физикалық белсенділіктен аулақ болуға шақырды. Үндістандықтар бетперде киіп, есіктер мен терезелерді жабық ұстаулары тиіс.

Ккөршілес штаттардағы фермерлер егін алқаптарын тазартып, сабан шөптерді өртеуі кесірінен ауа ластанып кетті. Нәтижесінде ауаға қатты бөлшектік заттар: азот қос тотығы, көміртегі қос тотығы және күкірт қос тотығы көп мөлшерде таралған.

Бір апта бұрын басталған үнділік Дивали фестивалі кезінде отшашулардың салдарынан жағдай одан сайын ушыққан.

Қазіргі уақытта ауадағы қауіпті бөлшектердің деңгейі Қытай астанасы Пекинге қарағанда жеті есе жоғары. Үндістанда алдағы апталарда болатын жауын-шашын ауаны тазартады деп үміттіп отыр.

1 қарашада Үндістанда ауаның ластануына байланысты төтенше жағдай жарияланды. 5 миллионға жуық маска мектеп оқушыларына тегін таратылды.


0 Пікір Кіру